ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың Венгриялық жанкүйерлері онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмектесу үшін...

Димаштың Венгриялық жанкүйерлері онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмектесу үшін ақша аударды

Dears Димаштың Венгриялық жанкүйерлері онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмектесу үшін ақша аударды

Димаштың Венгриялық жанкүйерлері онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмектесу үшін ақша аударды

Ақпан айында Венгриялық Dears Будапешттегі Сент-Ласло ауруханасында емделіп жатқан онкологиялық науқастарға көмектесу үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Қаражат жинау акциясы Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнінде (4 ақпан) басталып, Дүниежүзілік науқас күнінде (11 ақпан) аяқталды.

Dimash Dears Hungary фан-клубының мақсаты Demeter қайырымдылық қорына ақша жинау болды. Ол Будапешттегі Сент-Ласло ауруханасында Demeter House ұйымын басқарады.

Demeter House ата-аналарға операциядан кейін стерильді жағдайда үнемі медициналық бақылауда болуды қажет ететін балалардың жанында болу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жасалған.

Demeter House-та балаларды қалпына келтіру кезеңінде тұра алатындай отбасыларға арналған арнайы сыныптар мен бөлмелер бар. Бұл отбасылық бөлмелер кішкентай емделушілерге сауығу жолында үлкен моральдық қолдау көрсетеді. Мұндай бөлмелерді кез-келген адам қамқорлыққа ала алады.

Осылайша, Димаштың Венгрия фан-клубындағы Dears Demeter қайырымдылық қорына 400 000 Венгр форинтін (~1140 АҚШ доллары немесе ~515 000 теңге) сыйға тартты, бұл оларға Demeter House бөлмелерінің бірін 3 айға қамқорлыққа алуға мүмкіндік береді, барлық қажетті шығындарды жабады.

«Біз Димаш пен оның музыкасы Венгр жанкүйерлерін бір тату отбасына біріктіргеніне ризамыз және Біз қатерлі ісікпен күресетін сәбилерге, сондай — ақ осы батыл және күшті балалардың отбасыларына бірге көмектесе алдық», — деп бөлісті Dimash Dears Hungary мүшелері.

Соңғы жаңалықтар

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...