ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Домбыра және опералық вокал – Димаштың «Smoke» атты жаңа...

Домбыра және опералық вокал – Димаштың «Smoke» атты жаңа трек-әнінің тұсаукесері. Музыкалық продюсер Дмитрий Гордонмен сұхбат

Dimash World Домбыра және опералық вокал – Димаштың «Smoke» атты жаңа трек-әнінің тұсаукесері. Музыкалық...

Домбыра және опералық вокал – Димаштың «Smoke» атты жаңа трек-әнінің тұсаукесері. Музыкалық продюсер Дмитрий Гордонмен сұхбат

26 сәуірде әлемдік музыкалық платформаларда Димаш Құдайбергеннің «Smoke» атты жаңа трек-әні шықты. Жаңа туындының композиторы – Димаштың өзі болса, ал мәтіннің авторы – Кэндис Келли және қосалқы автор Дмитро Гордон.

Димаш Құдайберген музыканың шекарасы да, ұлты да, қашықтығы да жоқ екенін бірнеше рет айтқан болатын. Димаштың жаңа туындылары осы шындықты тағы да растайды. Бір ай бұрын жарық көрген «When I’ve got you» туындысы қазақстандық композитор Димаш Құдайберген, мәтін авторы АҚШ-тан келген Кэндис Келли және музыкалық продюсер Дмитро Гордонның бірлесіп жасаған жұмыстарының жемісі.

Жаңа тректің тұсаукесері күні DimashNews редакциясы Дмитрий Гордонмен жаңа әннің тұсаукесері мен шығармашылық ынтымақтастық туралы әңгімелесті.

– Дмитро, сіз Вальтер Афанасьевпен 8 жыл бойы оның WallyWorld компаниясында жетекші оркестр және аранжировщик болып жұмыс істедіңіз, сонымен бірге фильмдерге музыка жаздыңыз. АҚШ-тағы танымал әртістерге музыка жазу мен Димашпен жұмыс істеудің қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

– Осы кезге дейін мен жұмыс істеген әртістерге қарағанда, Димаш эксперимент жасау үшін әлде-қайда ашық. Көптеген әртістер жаңа эксперимент жасауда өздерінің бұрыннан қалыптасқан аудиториясын үркітіп алудан қорқады. Бұл жердегі мәселе мынада: олардың шығармашылық репертуары біраз уақыттан кейін тоқырауға ұшырайды.

Бүгінгі таңда мен білетін әртістердің ең батылы – Димаш. Ол өзінің жансүйерлері Dears-ты құрметтейді, бірақ бірге жаңалықтан да қорықпайды. Біздің шығармашылық ынтымақтастығымыз достыққа ұласты. Сол үшін менің алғысым шексіз. Сіздер “Битлзден” сұраңыздао. Музыканы тек әріптес ретінде емес, дос ретінде жазу әлдеқайда шынайы және қызықты.

– Сіз Димашпен алғаш рет 2017 жылы таныстыңыз. Ал тағдыр сізерді 2023 жылы қайта кездестірді. Соңғы жылдардағы Димаштың шығармашылығын бақылап көрдіңіз бе? Оның қай әндері сіздің ерекше есіңізде қалды?

– Әрине, соңғы 6 жыл бойы оның шығармашылығын мен үлкен қызығушылықпен бақылап келемін! Оның World’s Best байқауына қатысқанын, «Akkuym» және «Across Endless Dimensions» әндеріне түсірілген бейнебаяндарының премьерасын және Игорь Крутоймен шығармашылық ынтымақтастығын үлкен қызығушыдықпен бақвладым. Димаштың өнерін әр тыңдаған сайын мен оның ерекше талантына басымды идім.

Димаштың әртіс әрі музыкант ретінде де өсу қарқыны мені қатты талғандырады. Менің жүрегімде ерекше орын алатын үш ән бар: бірінші- «S.O.S.». Бұл әнді 2017 жылы Уолтер екеуміз Димашпен алғаш кездескен күні тыңдаған болатынмын; екінші, «Stranger» оның вокалдық қабілеттерін толық көрсететін ең әсерлі туынды, ал «The story of one sky» – менің ең сүйікті әнім. Бұл ән Димаштың композиторлық талантын толықтай ашып, оның нағыз тұлға ретіндегі терең ойые паш етті.

Жаңа әндермен жұмысты қалай бастадыңыз? Тұсаукесердегі «Smoke» әнінің бастапқы идеядан соңғы аккордына дейін қалай болғанын айтып беріңізші.

Біз Уолтер Афанасьевтің студиясында танысып, достасып кеттік. Димаштың сынап көргісі келген бірнеше жаңа музыкалық идеялары болды. Ол идеялар мені қанаттандырды. Ал менің идеяларым Димашта жалғасын тапты. Димаштың вокалдық әуені дайын еді, ал мен оған сай келетін дыбыстарды іздедім. Біз бұл трек электронды, заманауи және ол бұрын жасаған әдемі кроссоверлерден ерекше болуы керек екенін талқыладық.

Адам қай тілде сөйлесе де, музыкалық әуенді кез-келген. Сондықтан ол саналы түрде хорға арналған дауысты ойлап табуға шешім қабылдап, қазір біз естіп жүрген кең түрде шықалатын әдемі әуенді жазып шықты.

Менің ойымша, бірінші сессиядан бері бірнеше күн бойына мен бұл идеяларды үйге алып кетіп, аранжировкамен біраз жұмыс істеп, басқа синтетикалық бөліктерді, гармонияларды және жалпы тональды дизайнды ойлап таптым. Келесі кездескенімізде мен оны Димашқа ойнап бердім. Ол менің осы музыканы қайта-қайта орындауымды өтінді. Біз екеуміз де бұл әнге қатты беріліп кетіппіз! Бұл «санада ойнап тұратын”, сиқырлы әуен еді.

Сол күні композицияға тағы бірнеше элемент қостық. Димаш одан домбыра үнін қосқысы келетінін айтты. «Сен Лос-Анджелеске домбырамен бардың ба?» деген сұраққа, ол: «Әрбір қазақтың үйінде домбыра болуы керек» деп жауап берді. Сондықтан келесі жолы домбыраны студияға әкеліп, оған бірнеше партиялар қосты.

Біз Кэндисті келесі сессияға шақырып, оған демо ойнап бердік. Кэндис мәтінмен жұмыс істей бастағанда Димаш Қазақстанға оралуға мәжбүр болды. Сондықтан, ән жазу жөніндегі жұмыс басқа құрлықта өріс алды. Мәтін бекітілгеннен кейін Димаш өзінің вокалын жазыпр, шығарманы аяқтап, Лондонда өткен мастеринг пен шеберлікке жіберуімді сұранды.

– «Smoke» және «When I’ve got you» – Димаштың композитор және орындаушы ретіндегі жаңа әртүрлі стильдегі екі түрлі композициясы. Әншінің жанкүйерлері әрбір музыкалық фразаны тыңдап, ерекше сезімге бөленді. Басқа әндеріңіз бен бұл әніңіздің ұқсастығы пен айырмашылығы неде?

Музыкада да, жұмыс процесінде де – олар бір-біріне ұқсамайды. Бір ғана ортақ нәрсе – бұл әлі Димаш пен оның командасы жасап шығарды. «When I’ve you» композициясы тұрғыдан да, продюсерлік тұрғыдан да дәстүрлі.

Бұл заманауи ән болса да, 20 ғасырдың блюз, джаз, r&b, рок сияқты танымал жанрларымен үндес. Ол сондай-ақ табиғаты жағынан романтикалық, вокалдық әуендегі мелизмі көп, гармоникалық шиеленіс, қалың текстуралар және жалпы алғанда максималистік шығарылым. Ал «Smoke», керісінше, бұған мүлдем қарама-қайшы.

Бұл толығымен заманауи, тіпті кейбір аспектілерде эксперименталды болып табылады. Иә, оның хорларында опералық вокал бар, бірақ контексті оны жанрлық рамканың ішіне сыйдыра алмайды. «Smoke» әнінде әрбір музыкалық шешім дәл берілген. Бір нәрсесін алып тастасаңвз, орны ойсырап қалады. Ал егер артық тағы бір элемент қоссаңыз ол шамадан тыс талғамсыз дүниеге айналады. Мен оны дәл осылай сипаттар едім.

– «Smoke» және «When I’ve got you» әндерінің мәтін сіз біраз уақыттан бері бірге жұмыс істеп жүрген Кэндис Келли жазған. Біздің білуімізше, сіздерді «Only Saints» жобасы байланыстырды. Қанша жобада бірге жұмыс істедіңіздер? Димаштың әндерін жазу үшін сіздердің бірлескен жұмыстарыңыз қалай өрбіді? Музыканы жазу кезінде мәтінді «өзгерткен” сәттеріңіз болды ма, Қандай да бір қиындықтар болды ма?

– Мен Кэндисті 2021 жылдан бері білемін. Біз ортақ досымыз әрі әріптесіміз Энтони Пепи арқылы кютанысып, синхронды музыкаға басты назар аударатын кинематографиялық поп-жазушылар тобы ретінде «Only Saints» тобын құрдық. Осы уақытқа дейін бірге 25-тен астам ән шығардық. Шынымды айтсам, Кэндис мен білетін еңбілікті мамандардың бірі. Сондықтан мен оны Димашқа жаңа әндеріне лайықты үміткер ретінде ұсындым.

Олар бірінші кездесуден-ақ жақсы тіл табысып кетті. Ал Кэндис «When I’ve got you» фильмінің алғашқы нобайларын жасағаннан кейін Димаш та, мен де ары қарай жақсы жұмыс істейтіндеріне толық сенімді болдық. Сонымен қатар, Кэндис керемет талантты жазушы болумен қатар, ол өте икемді, жылдам және жайлы адам. Кейде әннің мәтінін жазушы көп сөздермен әннің әуенін құртып алып жататын жағдайлар кездеседі. Ал бұл әнде бәрі нақты, орын-орнымен тұр.

Кэндис әннің барлық музыкалық элементтерін және олардың үйлесімділігін қадағалайтын адам ретінде менің пікірімді қолдады. Сондықтан ән тыңданмандардың жүрегінен өз мүмкіндігінен де артық орын алуы үшін кейбір сөздер мен сөз тіркестерін өзгертуге тура келді.

– Бірнеше жыл бұрын баспасөз мәслихатында Димаштан жаңа әннің аты қандай болады деп сұрағанда, ол әзіл-қалжыңмен «№578 нұсқа» деп жауап берген еді. «Smoke» пен «When I’ve got you» әндерінің жазылу барысында қанша нұсқалары жасалды? Әлде бұл тіпті арасында үзіліс жасауға да қимайтындай шексіз және шабыттандыратын процесс пе?

– Иә, қызық! Жазылған нұсқалардың санын дөп басып айту қиын. Өйткені музыка – ол тірк ағза. Ол сіз онымен жұмыс істеген сайын дами береді, өсе береді. Дегенмен, мен сізге әрқайсысы үшін жасалған демо-нұсқасының санын айта аламын. Әрбір нұсқа арасындағы айырмашылық әдетте минималды болады. Бірақ ол бірте-бірте арта түседі.

«When I’ve you» әнінің 10 экспорттық нұсқасы және 4 микс нұсқасы болды. Ал «Smoke» әнініғ 14 экспорттық нұсқасы мен 10 микс нұсқасы болды.

Бір қызығы, «Smoke» әнін жасау үшін «When I’ve Got You» фильмінен екі есе көп уақыт кетті. Негізу “Smoke” әнінде «When Got You» әнінен қарағанда әлдеқайда аз құралдар бар, бірақ бәрі алдыңғы және орталық планда болғандықтан, әрбір шығармашылық таңдау екі есе маңызы артып, әлде-қайда көп дәлдік пен күш-жігерді қажет етеді. Бұған қоса, электронды аспаптармен жұмыс істеу ұзаққа созылып, дыбысты өзгертуге де қосымша уақыт жұмсадым.

– Кэндис пен Димашпен ынтымақтастығыңыз тамаша нәтижелер әкелгені сөзсіз. Әртістің әлемнің әртүрлі елдеріндегі жанкүйерлері жаңа шығармаларды жақсы қабылдады. Осындай таланттар шоғырланған компанияда жаңа жұмыс жоспарлары бар ма?

Жылы сөздеріңіз бен жақсы ниеттеріңіз үшін рахмет! Мен үшін адамзат тарихында ең үздік музыканттардың бірі деп санайтын Димашпен жұмыс істеу – үлкен бақыт және керемет мәртебе.

Ал оның жанкүйерлерінің сүйіспеншілігі пен ризашылығына бөлегу – жәннаттағы ләззат дер едім. Осы жаңа шығарылымдарды қолдап, бізбен бірге жан-тәнімен Димаштың жаңа, бейтаныс жақтарын ашуға қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлеріне алғыс айтамын. Ал жаңа туындыларға келетін болсақ, мен әзірге бұл тосын сыйдың құпиясын ашқым келмейді. Бірақ, сөзімді «Soon» деген классикамен аяқтағым келеді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Прагадағы жеке концертінің алдында жанкүйерлерімен кездесті

Қарашаның 21-і күні Димаш Құдайберген Прагада «Stranger» гастролі аясындағы жеке концертінің алдында әншінің шоуының медиа серіктесі болып табылатын ÓČKO...

Димаш Құдайберген Венгрия премьер-министрінің резиденциясында өнер көрсетті

20 қарашада Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның кеңсесі орналасқан ғимаратта Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапары құрметіне салтанатты қабылдау өтті. Шараға ел делегациясы...

Итальяндық радиостанция апта сайын Димаш Құдайбергенге хабар арнайды

Брешиа қаласының тарихи радиостанциясы болып табылатын Radio Bresciasette Италияда Димаш Құдайбергеннің апта сайын музыкасын тарататын алғашқы радио. Сенбі және...

Канадалық La Press газетінде Димаштың суреті берілген баннер жарық көрді

Димаш Құдайбергеннің канадалық жанкүйерлері Канададағы айына 4 миллионға жуық оқырманды қамтыған әйгілі La Presse газетіне жарнама ұсынды. 2024 жылдың...

Әбілмансұр Құдайберген Астанада өткен концерт-спектакльде өнер көрсетті

9 қарашада Астанадағы Mega Silk Way кешеніндегі «LA’Театрда» белгілі әртістердің қатысуымен концерт-спектакль өтті. Елордадағы «Sen men Sàt» музыкалық театрының шығармашылық...