ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World D'R'S мангасын енді онлайн оқуға болады

D’R’S мангасын енді онлайн оқуға болады

Dimash World D'R'S мангасын енді онлайн оқуға болады

D’R’S мангасын енді онлайн оқуға болады

Dimash Manga жобасы Dears үшін бұрынғыдан да қол жетімді болады. Қазақстандық орындаушының қатысуымен қызықты тайтл жобаны DimashManga.com. ресми сайтынан іздей аласыз.

DimashManga.com сайтында Манганы оқудың жаңа мүмкіндігі келесі D’R’S нұсқаларды сатып алған немесе сатып алушы барлық адамдар үшін жеке кабинетте қол жетімді:

— сандық нұсқа;
— стандартты және сандық Манга баспа нұсқасының жиынтығы;
— басып шығарылған Премиум нұсқасы.

Цифрлық нұсқа 9 тілде шығарылды: қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, испан, жапон, қытай, корей. Нұсқа сізге Манганы қай тілде сатып алдыңыз сол тілде ашылады.

Жобаның ресми беттерінен (Instagram, Facebook, Twitter, Вконтакте, Одноклассники, Telegram, YouTube, Weibo). D’R’S мангасын қалай оқуға болатындығы туралы толық бейне нұсқаулықты қарай аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 24 мамырында Dimash Manga (Manga D ‘ R ‘ S) жаңа жобасы жарияланды. Бұл бірегей, қызықты сюжеті бар, ең бастысы, Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өтетін шығармалар топтамасы.

D’R’S мангасындағы оқиғалар Димаштың 2019 жылғы 10 желтоқсанда Нью-Йоркте өткен концертінен басталады. Басты кейіпкер — суретші қыз және оның Токиодан көптен күткен шоуға келген досы. Концерттен кейін олар шытырман оқиғаларға тап болады, жұмбақ сандық суреттің пайда болуының құпиясын біледі және параллель әлемдегі тіршілік иелері онымен қалай байланысты екенін түсінеді.

Соңғы жаңалықтар

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...