ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Құпия тапсырма: "Дайдидау миссиясы"

Құпия тапсырма: «Дайдидау миссиясы»

Dears Құпия тапсырма: "Дайдидау миссиясы"

Құпия тапсырма: «Дайдидау миссиясы»

Қытайдың «I am Singer» байқауына Димаштың «Дайдидау» номерін дайындауға қазақстандық мәдениет қайраткерлерінің айбынды делегациясы қатысты. Димаштың DK «Media World» Еуразиялық фан-клубы байқауда өнер көрсеткен қатысушылардың естелік жарияланымдар топтамасын бастады.

21 ақпанда DK Media World редакциясы «Құпия тапсырма: Дайдидау миссиясы» деп аталатын жаңа жобаны іске қосты. 2017 жылы «I am Singer» конкурсына «Дайдидау» әнін дайындауға қатысқан қазақстандық өнер қайраткерлер бейне-жарияланымдар сериясында сол күн туралы естеліктерімен бөлісті.

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығында қазақтың «Дайдидау» әні ерекше орын алады. Ол осы әнмен алғаш рет 2015 жылы «Славян базары» халықаралық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.

Димаштың үлкен арманың бірі бүкіл әлемді өз елінің мәдениеті мен өнерімен таныстыру болды. Ол «Дайдидау» әнінің әлемге әйгілі болуын және ғаламшардың әр бұрышында естілуін қалады, сондықтан оны Қытай байқауында халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен орындауға шешім қабылдады.

Осы турға қатысу үшін Димашқа Чанша қаласына оның отандастарының делегациясы келді. Олардың қатарында Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары мен үздік студент-музыканттары болды.

Осылайша, «Дайдидауды» дайындауға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚазҰӨУ «Дәстүрлі ән» факультетінің деканы Майра Ильясова, «Кино және теледидар режиссурасы» кафедрасының меңгерушісі Талғат Тайшанов, «Қобыз және орыс халық аспаптары» кафедрасының оқытушысы Саджана Мурзалиева, «Дәстүрлі музыка өнері» факультетінің профессоры Тұрар Әліпбаев және басқалары қатысты.

Ал конкурстың 7-турында өнер көрсеткен және Қытайда «Қазақ ханзадасы» деген лақап атқа ие болған Димаш киген костюмнің авторы дизайнер Қайролла Әбішев болатын.

DK Media World редакторлары байқау қатысушыларының әңгімелерін ортақ оқиғаға жинақтап, Димаш шығармашылығының барлық жанкүйерлері үшін маңызға ие оқиғаны еске алу сериясымен шығаратын болды.

Құпия тапсырма: «Дайдидау миссиясы» жобасының шығарылымдарын төмендегі сілтемеден көруге болады: https://www.instagram.com/dk_media_world/

 

DK Media World

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...