Кез келген артистің фан-клубы – оның маңызды және баға жетпес қолдаушылары, еңбек етуге, шығармашылықпен айналысуына әрдайым демеу болып отырады. Бүгін назарларыңызға сүйікті әншілерін әлемнің қай түкпірінде болса да қорғап-демеп отыруды мақсат еткен Димаштың ресми «DOFC» фан-клубының тарихын ұсынамыз.
Димаштың ресми фан-клубы (DOFC) 2017 жылдың 23 қаңтарында құрылды. Оны Димаштың өзі мен Қытайдағы BG Talent агенттігі ресми түрде сертификаттады. Фан-клубтың негізгі мақсаты – Димаш әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, ізінен еріп барып, қытайлық Dears-тің сүйікті әншілерін қолдауы.
DOFC-те өз әкімшілігі, аудармашылар, суретшілер, видеомейкерлер, копирайтерлер және қоғаммен байланыс бөлімі бар. Сонымен бірге, Бейжіңде, Қытайдың Солтүстік-шығыс ауданы, Хуадонгта, Гуандунде, елдің Орталық, Оңтүстік-батыс және Солтүстік-батыс аудандарында филиалдары жұмыс істейді. Барлық филиал бір-бірімен өзара тығыз байланыста. Қытайда Dears саны көп болғандықтан, түрлі бағытта «фан-станциялар» деп аталатын өзге фан-топтар құрылды. Олардың қатарында «Care for Dimash fanclub», «Online Dimash Zaozuo Group», «Dimash DataKing Group» және тағы басқалары бар. Олардың маңызды рөлге ие және фанаттар арасында маңызы зор. Бұдан бөлек, Димаштың шығармашылығын насихаттауға үлкен күш салатын, суреттері мен өнерін, видео, ресурстарды өңдеуге негізделген жүздеген жеке Dears аккаунттары жұмыс істейді.
«Димаш қайда болмасын, қытайлық Dears оның музыкалық карьерасын қолдау мақсатында әрдайым бірге. Барлық қытайлық Dears-тің ресми өкілі ретінде DOFC о бастан осы миссияны өзіне алып, Димаштың музыкалық шығармашылығын насихаттау және осы бағытта жұмыс істейтін барлық Dears-ті біріктіру мақсатында бар күшін салып келеді, – дейді DOFC әкімшілігі.
Weibo:关爱迪玛希集团粉丝会Ins:Care_for_dimash.fanclub | Weibo:外滩524号Ins:524_the_bund | ||
Weibo:Online迪玛希造作团Ins:Online_dimash_zaozuo | Weibo: DikOrange柑橘苗苗班 | 迪玛希 Ins:dikorange | ||
Weibo:迪玛希DataKing数据组Dimash Official Data Team | Weibo:Dimash_77滚滚吃花团Ins:dimash_pandas_trove | ||
Weibo:迪玛希APS打投小分队APS Data Team of Dimash | Weibo:Dimash_LookBook Ins:dimash_lookbook | ||
Weibo:迪玛希的脆皮鸡天团Ins:Crispy_lovedimash | Weibo:迪玛希Dimash音饭站 Ins:dimashmusicfan club_cn | ||
Weibo:Dimash-TaiwanIns:dimashtaiwan | Weibo:迪玛希Dimash视频汇集站Dimash Video Summary Station | ||
Weibo:Dimash48太后驾到Ins:dimash48taihou | Weibo:深海鱼-Abyssal Ins:shenhaiyuabyssal |
Музыкалық жұмыстарды қолдау
- Альбомдарды сату
2019 жылы 14 маусымда Димаш Қытайда өзінің алғашқы цифрлы «iD» альбомын шығарды. DOFC фан-топтарымен бірлесе отырып, оны танытумен айналысты. Альбом QQ Music платформасында 47 минут ішінде үш мәрте платиналық сатылымға ие болып, чарттарда бірнеше рет қатарынан хит болды.
- Чарттар хиты
Димаш бағалайтын музыканы қытайлық Dears та бағалайды. Мейлі сингл болсын, мейлі MV, фанаттар орындаушының кез келген жұмысын қолдайды. Димаштың дауысы мен таланты миллиондаған қытайлық Dears-тің жүректерін баурады. Сондықтан, олар сүйікті әншілерінің шығармашылығын кеңінен насихаттауда еңбектеніп келеді.
Жаңа синглдерді сатып алудан басқа, Dears Димаштың әрбір әнін ТОП-чарттарда көтеріп келеді. Сегіз ән QQ Music-те 100 үздік ән жылдық рейтингіне енді. Мысалы, қазақстандық орындаушының «Ocean over the time» әні 8 орынды иеленіп, бриллиант сертификатқа ие болды. Тағы он ән «Popularity Golden» сертификаттарын алды. «Pinnacle Golden Single» сертификаты «Hello» әніне, «Screaming Golden Single» сертификаты «Screaming» және «The Crown» әндеріне берілді.
Алғашқы «S.O.S» әнінен бастап, соңғы «We Are One» әніне дейін қытайлық Dears әрдайым әншіні айналдыруда 30 миллион танымалдылыққа (3 000 000 ¥) қол жеткізіп отырды. «Our Love» және «Only You» әндері апталық чарттарда алғашқы жолдарда болды. Димаштың әндерінің көпшілігі күнделікті чарттарда алғашқы жолдардан көрінді, мысалы Джеки Чанның «V-Guard» фильміндегі «Have a Blust» туындысын атап өтуге болады. Ал «Couldn’t Leave» фильмінің саундтрегі «NetEase Music» платформасына жарияланғалы 26 күн ішінде 3,159 миллион дауыс жинады.
QQ音乐平台共有: 1首人气钻石、 1首巅峰黄金、 2首尖叫黄金、 8首人气黄金, 加上其他歌曲, 人气值合计约3000(300万元RMB) | ||
Шығармашылықтан тыс қолдау
- Туған күнді тойлау
2017 жылы Димаш Қытайда Dears-тармен туған күнін атап өтті. Фанаттар артист үшін «көк мұхит» жасады (ескерту – концерт кезіндегі «мұхит» – бұл фанаттардың белгілі бір түстегі жарықшамдарды жағуы. Қараңғыда жанып тұрған от артисті мұхиттың ортасында жүргендей әсерде қалдырады), осылайша Димашқа ұмытылмас әсер сыйлады. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында Димаш жанкүйерлерге алғыс ретінде: «Бүгін 难忘 的 一天»! (қытай тілінде «Ұмытылмас күн») деген жазба қалдырды.
- Концертті қолдау
Димаштың Қытайдағы үш концерт кезінде қытайлық фан-топтар концерт алаңдарында бір-бірімен тығыз байланыста болды. Әр топ сырттан қорғандар, баннерлер, жалаушылар мен LED-экрандар орнатты. Сонымен бірге, қытайлық Dears концертке келген өзге фанаттарға баннерлер, қалта желдеткіштерін, карточкалар, белгілер, браслеттер, ленталар, қол жылытқыш, тамаққа арналған мұз кәмпиттер, ба киімдер мен футболкалар таратты. Қытайдағы Dears концерттер кезінде Димашты қолдау мақатында әлемдік турларға осындай үрдіс енгізді.
- Шаралар кезінде қолдау
Концерттерден өзге қытайлық Dears Димашты барлық шаралар барысында қолдайды. Олардың мақсаты – Димашқа жанкүйер болу, оның кез кезген сахнаға шыққанында жанкүйер тарапынан махаббат сыйлау. Шэньчжендегі «MTV Global Chinese Music Festival» кезінде, 2017 жылдың 20 маусымында 400-ден астам Dears залдың ішінде жанып тұрған плакаттарды ұстап, әсерлі қолдау танытты. 2018 жылдың 12 қыркүйегінде «Screaming» әні Биллборд чартына ілігу үшін, Dears ұрансөздерден, ән мен жарық плакаттардан тұратын, баннерлер мен, безендірілген зал, гүл шоқтарынан ерекше көрініс тарту етті. «Mount Emei Music Festival» фестивалі ерекше әсерлі өтті. Dears Димашты аптап ыстықта да, нөсер жауынның астында да күтіп тұрды. Сол уақытта Димащ жанкүйерлермен бірге жауынның астында тұрып ән айту керек деп шешті. Бұл, әрине, орындаушылар үшін де, фанаттар үшін де естен кетпес күн болды.
4. Видео қолдау
Жан-жақты жарнама
- Онлайн дауыс беру
Димаш өз таланты үшін көптеген награда алды. Қытайлық Dears онлайн-чарттарда оған қалып қоюға жол бермейді. Егер әнші есімі номинацияларда болса, фанаттар оның чарт шыңдарына шығу үшін бар мүмкіндікті жасайды. Төменде дауыс қорытындылары келтірілген:
2017 MTV Global Mandarin Music Awards – “The Most Popular Foreign Singer” номинациясында жеңіс. | |
2017 Golden Mango Star Awards – “The Annual Favorite Male Singer” номинациясында 1 орын. | |
2017 CCTV “Global Chinese Music Top 10” Award – “The Annual Favorite Male Singer” номинациясында жеңіс. | |
2017 Weibo Night – “The New Power of Weibo Annual Music” номинациясында 2 орын. | |
2017 Tencent Live Music – “Battle of Memories” сайысының “Your favorite song of your Idol” номинациясында екінші орын. | |
2018 iQIYI Screaming Night “The Annual Most Popular Male Singer” – “Battle of Memories” және “Without You” сәйкесінше, 1 және 3 орындар. | |
2018 “MV Summit Chart” Issue no. 165 – MV “Screaming” үшін 1 орын. | |
2018 “Choose Big Star” program – 2018 жылғы барлық эпизодқа дауыс беруде 1 орын. | |
2018 NetEase News –16 аптаға созылған байқауда Dears-тан Димашқа берілген гүлдер саны жеңіске жеңді, сонымен қатар жеміс-жидек чемпионатында топ жарды.
| |
2018/2019 “The Celebrity Power Chart” – екі жыл қатарынан “The Most Popular Male Artist” номинациясында жеңімпаз. |
- Үлкен экрандардағы туған күн
2017 жылдан 2019 жылға дейін, үш жыл қатарынан қытайлық Dears Қазақстанда Димаш үшін оның туған күнінде құттықтау роликтерін көрсету мақсатында жүздеген жарнамалық экранды жалға алды. Видео барысында фанаттар әншіге өз тілектері мен құттықтауларын айтып, қолдау танытты. Бұл туралы қазақстандық «Қазақпарат» агенттігі жариялады.
3. Жарнама
Dears, сонымен бірге, Димаштың шығармашылығын түрлі жолдармен таныта түсуге септігін тигізіп келеді. Олардың басты тілегі – қазақстандық орындаушы туралы көбірек адамға жеткізу, оның музыкасын таныту, концертіне көп адамның келуіне қол жеткізу.
2017 жылдың наурыз айында Dears «dynamic 101 pulling up Idol» сайысына қатысып, 60.26 миллион көрсетіліммен бірінші орынды иеленді. Нәтижесінде, Димашты Нью-Йорктің Таймс-Скверінде және Шанхайдың Луцзяцзуй алаңында үлкен экрандардан көрсетті. | 2017 жылдың шілдесінде фанаттар «Yinyuetai Fan Festival» байқауына қатысып, Токиодағы Сибуяда, Гуанчжоу телемұнарасы мен Чаншадағы Хуансин алаңында жарнама баннерлерін жеңіп алды. | |
«Entertaiment Box» пен өзге қосымшалар арқылы промо-акцияларға қатыса отырып, қытайлық Dears дауыс жинау арқылы үлкен экрандарға жарнамалар ұтып алды. | Dears «Always Entertaining» секілді қосымшаларда бірнеше жарнамалық мұқаба ұтып алды. Фанаттар Димаштың альбомын насихаттау мақсатында пошта бөлімшелерінде плакаттардың ақысын өздері төледі. DOFC Чанша автобустарында жарнамалық кампания ұйымдастырды. | |
2017 жылдың мамыр айында 200-ден астам Dears, «Online_dimash_zaozuo» Сиань, Шеньян, Чжэнчжоу, Ухань, Чунцин, Бейжің, Чэнду, Гуанчжоу, Ханчжоу, Хэфэй, Наньчан, Нанкин, Шанхай, Шэньчжэнь және Чанша қалаларында 15 үлкен жарнамалық экранды инвестициялау кампаниясын ұйымдастырды. Осылайша, Dears Димаш пен оның музыкасын одан әрі насихаттауға үлес қосты. | ||
«Online_dimash_zaozuo» тобы сонымен бірге, концерт туралы мағлұмат тарату үшін Ханчжоудағы 3,060 шаршы метр LED экранды және төледі. | «Care_for_dimash» тобы концерт туралы Фучжоу қаласының бірнеше ауданында ақпарат таратты. |
Қайырымдылық акциялар
Димаштың шығармашылығына тәнті болған қытайлық фанаттар қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып келеді. Келесі шаралар Dimash (DOFC) ресми фан-клубы, «Care for Dimash Group», «Online Dimash Zaozuo», «Charity Station», «Sister Station», «Dimash Music Fan Club CN» және «Crispy Love Dimash» ұйымдастырған маңызды көпшілік шаралар болып есептеледі. Қытайлық жанкүйерлер айтқандай, олар ешқашан Димаштың есімімен қайырымдылық шаралар өткізуді доғармайды.
15 наурыз 2017 жыл. Чанша қаласындағы Екіншә әлеуметтік көмек орталығын қолдау мақсатында сүт апарып берді. | ||||||
30 наурыз 2017 жыл. Қытайдың көгалдандыру қоры демеушілік ететін «Million Forest Project» жобасына қатысып, елдің батысындағы шөлейт аумақта «Димаштың махаббат орманын» өсіру үшін 1142 тал тарту етті. Сәуір 2020 жыл. Жобаға қайта қатысты, бұл жолы 2780 тал отырғызды. | ||||||
2 сәуір 2017 жыл. SOS Тяньцзинь Балалар Лагеріндегі балаларға арнап азық-түлік апарып беру. | ||||||
15 сәуір 2017 Гуанси провинциясындағы Лонгвон приютіне қайырымдылық акция ұйымдастыру және материалдық көмек көрсету. | ||||||
10 сәуір 2007 жыл. «Singer 2017» байқауының бірінші эпизодында әнші киіп шыққан костюмді аукционда 160000 юаньге сатып алу. Барлық қаржы қандағы қорғасынға байланысты ауруы бар балалардың еміне жұмсалды. Костюм Димашқа қайтарылды | ||||||
8 қыркүйек 2017 жыл. Қытай балалар мен жасөспірімдер қоры, Цзянси провинциясындағы Синьюй Әйелдер Федерациясы, «Love to Recycle» веб-сайтымен бірлесе отырып, Цзянси провинциясындағы 8 ауылдық мектепті қаржылай қолдау. | ||||||
1 мамыр 2017 жыл. Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу мен Нинбодағы көше тазалығына жауапты жұмысшыларға ауыз су алып беру, жеміс-жидек және сүлгілер алып беру. | ||||||
21 мамыр 2017 жыл. Micro Charity платформасы арқылы «Let Love Speak» жобасын қолдау. Бұл жоба аясында қытайлық Ухань есту және сөйлеуді қалпына келтіру орталығындағы есту қабілеті бұзылған 160 балаға сыйлық жасады. | ||||||
16 мая 2017 год. Ішкі Моңғолиядағы Орталық бастауыш Хайлоаяо мектебіндегі «Dimash Loving Heart library» кітапханасына көмек. | ||||||
23 мамыр 2017 жыл. «Афония мен афазиясы бар балаларға қамқорлық» кампаниясын бастау және Бейжің естуді оқыту орталығы балаларына көмек. | ||||||
Мамыр 2017 жыл. Гуйчжоу провинциясындағы Цзинкоу бастауыш мектебінің «Желкенді спорт» бағдарламасы аясында 10000 юаньге кеңсе тауарлары мен спорт жабдықтарын алып беру. | ||||||
4 шілде 2017 жыл. Қытай балалар мен жасөспірімдер қоры «One-on-One» бағдарламасы арқылы үшжылдық мектепті аяқтау үшін оқу үлгерімі жақсы балаларға (кедейлікте жағдайында өсіп жатқан) материалдық қолдау. | ||||||
11 шілде 2007 жыл. Хунаньдағы дауыл кезінде зардап шеккендерге 6512,25 юань көмек жиналды. Барлық қаражат алғашқы қажетті жабдықтар алуға жұмсалды.. | ||||||
Шілде 2017 жыл. «China Welfare Foundation» қорымен бірлесе отырып, «Тегін түскі ас» арнайы қайырымдылық жобасын бастау. 2017 жылдың 20 қыркүйегіне 2093.66 юань жиналды. | ||||||
10 мамыр 2018 жыл. «Тегін түскі ас» қайырымдылық жобасына 5,240 юань бөлінді. | ||||||
Шілде 2017 жыл. «Көше тазалығына жауапты жұмысшыларға Dears жазғы салқын тарту етеді» деген ұранмен Чжэцзян, Хубэй және Сычуань провинцияларының 24 қаласында жұмысшыларға қажетті заттар жеткізу. | ||||||
16 тамыз 2017 жыл. Бейжіңдегі Янцзе көшесінде иттер баспанасына 300 фунт ит тамағын жеткізу. | ||||||
24 тамыз 2017 жыл. «Қыздарға қамқорлық» Қытай әлеуметтік қамту қоры ұйымдастырған «Қыздарды қолдау бағдарламасы» деген атаумен һткен оффлайн-ивентке қатысу. | ||||||
Қыркүйек 2017 жыл. Қытайдағы қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін «Ping An China Wish Aid Bottle» шарасына көмек индексі 17,6839 млн. жинау тоқтатылды. | ||||||
23 қыркүйек 2017 жыл. «Янран Ангел» балалар ауруханасындағы балаларға көмек көрсету мақсатында «Янран Ангел» қоры ұйымдастырған қайырымдылық аукционында Димаштың домбырасын 35000 юаньге сатып алу | ||||||
20 қараша 2017 жыл. «Дүниежүзілік балалар күні» қарсаңында Гуйчжоу провинциясының таулы ауылдарында орналасқан оқу орындарына кеңсе жабдықтарын алып беру. | ||||||
3-26 қараша 2017 жыл. Шыңжаң провинциясында «Каши» балалар бақшасына көмек көрсет мақсатында «Қыста жылын» шарасын іске қосты. | ||||||
18 мамыр 2018 жыл. Кедейлікпен күрес жөніндегі Қытай қорына 15,240 юань көлемінде садақа. | ||||||
24 мамыр 2018 жыл. Таулы мекенде өмір сүретін аз қамтылған отбасы балаларына қайырымдылық акция ұйымдастырған Ченду волонтерлар федерациясына 524 комплект кеңзе заттары мен 524 мектеп рюкзагі табысталды. | ||||||
1 маусым 2018 жыл. Шанхайда мүгедек балалар үшін Гуанчи Қайырымдылық Орталығына барып, қытайлық Dears балаларға сыйлықтар тарту етіп, орталыққа 10000 юань садақа жасады. Фанаттар аукцион арқылы жетім балалар жазу жазған футболкаларды сатқан болатын. | ||||||
27 шілде 2018 жыл. «Post-graduation Public Library» ұйымымен бірлесе отырып, кітапхана ашу жөніндегі қайырымдылық жобасын бастау. 21 қыркүйек 2018 жыл. Гуандун провинциясында салынған алғашқы «Dimash public library» кітапханасына 2000 кітаптың тарту етілуі. | ||||||
8 қараша 2018 жыл. Сабақтан тыс оқуға арналған жоғары сапалы 2200 кітапты тарту ету. Хунань провинциясында «Dimash public library» екінші кітапханасы салынды. | ||||||
30 мамыр 2019 жыл. Сабақтан тыс оқуға арналған жоғары сапалы 4601 кітапты тарту ету. Гуандун провинциясында тағы екі «Dimash public library» кітапханасы салынды. | ||||||
4 тамыз 2018 жыл. Қайырымдылық үйлерін безендіре отырып, «Mango V fund», «Youth Mango Festival-ге» қатысу. | ||||||
24 тамыз 2018 жыл. Шаньдун провинциясындағы Шоугуан қайырымдылық ассоциациясына 6162 юаньнің заттарын беру. | ||||||
17 шілде 2019 жыл. «QQ Music Popularity» ұйымдастырған қайырымдылық акцияға қатысу. «War and Peace» әні «Golden Single Hit» арқылы өтіп, танымалдылық сертификатына ие болды. Ауылдық бастауыш мектептер мұғалімдерін музыкалық дағдыға оқыту ұйымдастырылды. | ||||||
24 қаңтар 2020 жыл. Коронавирус індетінің алдын алу және онымен күреске арнайы қор үшін Ухань қайырымдылық федерациясына 2000 юань садақа. | ||||||
30 қаңтар 2020 жыл. Коронавирус індеті кезінде Бейжіңнің Ханхонг қайырымдылық қорына 52400 юань садақа беру. |
DOFC ресми әлеуметтік желілердегі парақшалары:
微博(wei bo):迪玛希Dimash全球后援会 (DOFC)
https://weibo.com/u/6098219432
Instagram:Dimash Official Fan Club
https://instagram.com/dimashofficial_fanclub?igshid=w74xemb0jvk6
You Tube:Dimash Official Fan Club
https://www.youtube.com/channel/UC0lkMYHhAQ6llrrMaFIl34w
Email:dimashglobal@163.com