ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «I am a Singer» жобасының гала-концертінде Димаш өзінің жаңа...

«I am a Singer» жобасының гала-концертінде Димаш өзінің жаңа әнінің тұсаукесерін жасады

Dimash World «I am a Singer» жобасының гала-концертінде Димаш өзінің жаңа әнінің тұсаукесерін жасады

«I am a Singer» жобасының гала-концертінде Димаш өзінің жаңа әнінің тұсаукесерін жасады

2 тамызда Қытайдың Hunan TV каналында өте өзекті және әйгілі жобалардың бірі «I am a Singer» гала-концерті өтті. Жобаның 2017 жылдан бері бірнеше мәрте қонағы болған топ мүшесі Димаш Құдайберген «Angel love» атты жаңа композициясын орындады.

Әннің музыкасы мен сөзін қазақтың белгілі композиторы Ренат Гайсин мен ақын Қалқаман Сарин жазды. Туындының аранжировкасын Ренат Гайсин дыбыс продюсері Ерлан Бекчуринмен бірлесіп жасады.

Димаш арнайы қытайлық көрермендер үшін қазақ және қытай тілінде ән шырқады. Қытай тіліндегі мәтіннің авторы — Лин Вэй Вейлим.

Ренат Гайсин DimashNews редакциясына әннің жасалу тарихы туралы былай деп ой бөлісті:

«Бірнеше жыл бұрын ұшақ терезесінен ақша бұлттарға қарап отырып, мен ерекше әдемі суреттен шабыттанып, ойыма әдемі бір әуен оралды. Сол арада мен әуенді ұмытып қалмайын деп өзімнің дыбыс жазу құрылғыма жазып қойдым.
Пандемияда кезінде «Qairan Elim» композициясын әзірлеу үстінде мен бұл әуенді Димашқа көрсеттім. Бірақ тынымсыз саяхат пен гастрольдік сапарлар көбейіп кеткеннің салдарынан, бұл әнмен айналысуға енді ғана мүмкіндік туды.
Жақында Димаш маған телефон соғып, «I am a Singer» гала-концертінде осы әнді орындағысы келетінін айтты. Ол мәтінін қазақ тілінде жазуды өтінді. Ал мен көп ойланбастан бірден өзімнің жақын досым, елдегі ең талантты ақындардың бірі Қалқаман Саринге телефон соқтым.
Біз телефон арқылы хабарласқан соң, Қалқаман әуеннен шабыттанып, нәзік сезімді әнге өлең жазды.
Мен бұны — композитор мен ақынның бірін-бірі сөзсіз түсінісудегі нағыз үйлесімділік деп атай отырып, шығарманы романтикалық поэма дегім келеді.
Әнге Димаштың өзі шынайы, таза және баға жетпес махаббаттың белгісі ретінде «Angel love» деген атау берді.

Махаббатым,
Махаббатым,
Сүйемін, сүйемін!

Сағынамын,
Сағынасың,
Сеземін, білемін!

Бар ғұмырда
Тағдырым да,
Ғажайып күй ме едің!

Таңдауым да,
Бар бағымда
Бір өзің сүйгенім!

 

Соңғы жаңалықтар

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...