ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Индонезияда "Димаш: Қазақстанның алтын дауысы" көрмесі өтті

Индонезияда «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» көрмесі өтті

Dears Индонезияда "Димаш: Қазақстанның алтын дауысы" көрмесі өтті

Индонезияда «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» көрмесі өтті

Индонезияның астанасы Джакартада Димаш пен Қазақстанның мәдениетіне арналған 10 күндік көрме өтті. Іс-шара қонақтарына Орындаушының концерттерінің бірі көрсетілді, сондай-ақ Қазақстаннан суреттер мен кәдесыйлар ұсынылды.

Көрме 2022 жылғы 29 маусымнан 8 шілдеге дейін «Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасында» өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігі мен Индонезия Республикасының Нұр-Сұлтандағы Елшілігінің қолдауымен Димаш Құдайберген DIDFC Индонезиялық фан-клубы ұйымдастырды.

Іс-шара барлық ниет білдірушілер үшін тегін және ашық болды. Ашылу рәсімі ж қызықты өтті. Dears барлық қонақтар үшін Димаштың «Дайдидау» және «Любовь уставших лебедей» әндерімен таңғажайып қойылымдар дайындады, олар түпнұсқада да, Индонезиялық нұсқада да шырқалды.

Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» атты белгілі поэмасын оқып, қазақстандық орындаушының шығармашылығымен танысқаннан кейін қазақ тілін белсенді меңгере бастаған Димаштың жанкүйері Тита Джаджосман қонақтарды таң қалдырды.

Сондай-ақ, көрменің ашылу күні барлық қонақтар үшін Димаштың «D-Dynasty» концертін тамашалау ұйымдастырылды.

Осыдан кейін ресми ашылу рәсімі өтті. Didfc фан-клубы және екі елшілік өкілдері алғы сөз сөйледі.

Көрмеде Димаштың фотосуреттері, оның шығармашылығы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстанның суреттері мен кәдесыйлары, оның ішінде келушілер тамашалай алатын домбыра мен дәстүрлі киімдер ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып...