ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Испан телеарнасы: Димаш пен оның жанкүйерлері туралы

Испан телеарнасы: Димаш пен оның жанкүйерлері туралы

Dears Испан телеарнасы: Димаш пен оның жанкүйерлері туралы

Испан телеарнасы: Димаш пен оның жанкүйерлері туралы

21 мамырда Испанияның Tuya TV телеарнасында Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы фан-клуб мүшелерінің сұхбаты көрсетілді. Испандық телеарнада жанкүйерлеріне қазақстандық әнші, оның шығармашылығы және халықаралық Dears қауымдастығы туралы алғаш рет эфир беріп отыр.

Гильермо Ортис жүргізетін Cada vez más cerca бағдарламасында фан-клуб өкілдері – Димашты, оның музыкасын және Испанияда Қазақстанның мәдениетін насихаттау туралы өздерінің басты міндеттерін айтып өтті. Жергілікті жанкүйерлер қауымы үшін маңызды шаралардың біріне айналған әншінің Барселонадағы алдағы концертіне ерекше назар аударылды.

«Димаштың Испанияға келуі – біздің ортақ үлкен арманымыздың орындалуы болмақ. Бұдан былай La marea roja деп аталатын біздің испандық командамыз өз жұмысын бұрынғыдан да зор ынтамен және ерекше сүйіспеншілікпен жалғастыратын болады», — деп фан-клуб мүшелері өз ойларымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...