ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Испания және БАӘ – шетелдік басылымдарда Димаш Құдайберген туралы...

Испания және БАӘ – шетелдік басылымдарда Димаш Құдайберген туралы жаңа мақалалар жарияланды

Dimash World Испания және БАӘ – шетелдік басылымдарда Димаш Құдайберген туралы жаңа мақалалар жарияланды

Испания және БАӘ – шетелдік басылымдарда Димаш Құдайберген туралы жаңа мақалалар жарияланды

Шығармашылық жолын туған жерінде бастап, өз таланты арқылы елінің мәдениетін Қазақстаннан жырақ жерлерге танытқан қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің есімі әлемге танылуда. Әртүрлі елдерге сапар жасаған сайын Димаштың жанкүйерлерінің саны артуда. Түрлі шетелдік басылымдарда осылайша мақалалар жарияланып, олармен DimashNews редакциясы оқырманды таныстыруын жалғастыруда.
Испаниядағы ең көп тыңдалатын «Los 40 Principales» музыкалық станция жаңалықтар сайтында «Димаш деген кім? X трендтерінде біз жиі көріп жүрген әнші – нағыз гений» атты мақала шықты.

«Los 40 Principales» — 1966 жылы құрылған радиостанциялар желісі. Ол Латын Америкасының 9 елінде хабар тарататын, «40 TV» телеарнасы бар және әлемдегі ең маңызды испан тілінде сөйлейтін музыкалық қауымдастықтардың бірі болып саналады.

«Егер сіздің таңертең ояна салып, бірінші кезекте X трендтерін бір бақылап шығатын әдетіңіз болса, онда сіздің Димаш хэштегін бір емес бірнеше рет кездестіруіңіз әбден мүмкін», – деп бастайды мақала авторы әңгімесін.

Әншінің шығармашылық жолының басталуы, Беларусь пен Қытайдағы байқаулардағы табысы туралы қысқаша өмірбаяндық жазбадан кейін басылым Димаштың репертуарындағы негізгі шығармаларының біріне тоқталады:

«2017 жылы мандарин тілінде сөйлейтін елде Димаш «Singer» шоуында «SOS d’un terrien en détresse» әнін орындады. Қойылым 600 миллионнан астам қаралым жинап, рекорд орнатты.

Сол жылы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада жүлдегері және Димаштың досы Денис Тен осы әнмен өнер көрсеткен болатын. Келесі жылы спортшы қайғылы қазаға ұшырайды. Димаш өзінің концерттерінің бірінде осы әнді досына арнап, оны еске алған болатын.

Өткен қазан айында Димаш хорватиялық виолончелист Хаузермен Сингапурда осы әнді қайта орындап, бұл ән көпшілікті өзіне қайта баурап алады.
Келесі айда әнші Қазақстан Президентімен Францияға мемлекеттік сапармен барған ел делегациясының құрамында болғанын білеміз. Ол бұл жолы бұл әнді Елисей сарайында қайта орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Осы арқылы біз әншінің басқа деңгейге көтерілгенін байқаймыз».

Мақалада Димаштың жаңа жетістіктерін айта келіп: Венгриядағы Virtuosos байқауында қазылар алқасының мүшесі ретінде жұмысы туралы, әртістің келуін асыға күткен латын-мерикалық жанкүйерлері туралы, АҚШ-тағы жұмыстары мен «Love’s Not OverYet» әнінің алдағы премьерасы туралы айтылады.

«7 наурызда біз әлемге әйгілі композитор және продюсер Уолтер Афанасьев бастаған халықаралық композиторлар ұжымы жазған туындыны жарыққа шығарамыз. Ән «Love’s Not Over Yet» деп аталады», – деп автор Димаштың әлеуметтік желідегі цитатасын келтіреді.

Премьераны жіберіп алмау үшін сілтемеге өтіп, жаңа трекке жазылыңыз dimash.lnk.to/love

Біріккен Араб Әмірліктерінің ай сайын 15 миллионнан астам пайдаланушыны қамтитын «Khaleej Times» деген жетекші ағылшын тіліндегі цифрлық жаңалықтар платформаларының бірі, Димаштың Парижге және Дубайға жақында жасаған шығармашылық сапарлары туралы атап өтті.

«Вандом алаңындағы «Schiaparelli» шеберханасында Димаш креативті директор Дэниел Розберри жетекшілік ететін сән үйінде Сальвадор Далидің шығармашылық мұрасын зерттеді. Димаш «SOS d’un Terrien en Détresse» әнін орындап, ұжымды музыка мен сәннің авангардтық рухымен үйлестіре білген ерекше қабілетімен тәнті етті».

Одан кейін басылым Димаштың өнерге қосқан зор үлесі үшін марапатқа ие болған «Distinctive International Arab Festivals Awards 2024 (DIAFA)» атты Дубайдағы мәдени мерекесі туралы сөз қозғайды:

«Димаштың Дубайдағы DIAFA марапаттау рәсіміне қатысуы оның бай көркем дәстүрлерімен және озық шығармашылық идеяларымен танымал Таяу Шығыспен байланысының артып келе жатқанын көрсетті».

Соңғы жаңалықтар

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...

Испанияның El Mundo газеті Димаш Құдайберген туралы көлемді мақала жариялады

Димаш Құдайбергеннің есімі тағы да Испанияның беделді басылымдарының бірінен көрініс тапты. Испаниядағы ірі ұлттық газеттердің бірі – El Mundo...

Димаш Құдайбергеннің «DiMENSIONS» атты әлемдік туры

Димаш Құдайбергеннің жаңа «DiMENSIONS» жобасы – уақыт пен кеңістікті шарлау идеясына негізделген туынды емес, бұл – әртістің болмысын оны...

Аргентиналық оқушылар Қазақстанды Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы арқылы танып-білді

Аргентинаның Эсейса қаласында жүзеге асырылған ерекше білім беру жобасы аясында мектеп оқушылары Қазақстанның мәдениетімен танысып, өз елінің тарихын зерделеп,...

«Aqerke»: Димаш Құдайберген халықтық классиканың заманауи үлгісін ұсынды

2026 жылы 31 шілдеде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің YouTube арнасында қазақтың халық әні «Aqerke» шығармасының заманауи нұсқасын...