ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері қазақ тілін үйренуде

Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері қазақ тілін үйренуде

Dears Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері қазақ тілін үйренуде

Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері қазақ тілін үйренуде

2024 жылдың ақпан айында Димаштың жанкүйерлерінің өтініші бойынша Қазақстанның Испаниядағы Елшілігінің қолдауымен қазақ тілін үйрету курстары ашылды.

Сабақтар аптасына бір рет онлайн форматта өтеді. Дегенмен, оқытушы Сандуғаш Тоқтаубаеваның айтуынша, қазақ тіліне қызығушылық танытқан испандықтардың қатары күн санап артып келе жатқандықтан, жақын арада тағы бір топ ашу жоспарланып отыр екен.

«Мен Испанияда қазақ тілін үйренгісі келетін және біздің мәдениетімізге қызығушылық танытқан адамдардың бар екеніне өте қуаныштымын», — дейді Сандуғаш Тоқтаубаева. — «Менің сабағымда оқушыларым өте белсенді болып, қазақ тілін үлкен ықыласпен үйреніп жатыр».

Мәдениет пен тілдегі айырмашылықтарға қарамастан, Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері оның өнеріне терең бойлағысы келеді.

«Димаштың өнерін түсіну үшін бізге тіл кедергі келтіре алмайды. Оның дауысы айшылық алыс жерлерді кесіп өтіп, сезімдерімізбен алмасуға шек келтірмейді», — деп бөлісті Dears. «Бірақ біз сүйікті әншімізге рухани жақын болу үшін оның ана тілін меңгеріп алсақ нұр үстіне нұр емес пе? Сол себепті қазақ тілі курстарын ашу туралы өтінішімізбен елшілікке жүгіндік. Бұл біз үшін ерекше және пайдалы тәжірибе болмақ».

Dears Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған онлайн қазақ тілі курсы олар үшін тамаша мүмкіндік болғаны туралы былай дейді:

«Біз уақыттың қалай зымырап өтіп жатқанын байқамаймыз. Бірақ бірнеше айлардан кейін: «Мен Испанияданмын және Димаш Құдайбергеннің ана тілінде сөйлеймін» деп мақтанышпен айта алатынымызға сенімдіміз.

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...