Күн шығыс елінің аңызға айналған «Gagaku» жанры туралы бір үзік сыр

1673

Қайталанбас сәулетімен ерекшеленетін Күн шығыс елі сұлу табиғаты және тарихы тереңде жатқан мәдениетімен де озық. Бүгін «Gagaku» деп аталатын мың жылдан астам тарихы ежелгі жапон музыкалық жанры туралы айтамыз.

Жыл сайын мамыр айы болғанда Жапонияның Киото қаласында «Aoi Matsuri» деп аталатын әсем де әдемі фестиваль өтеді. Шара барысында жапон халқы мол астық болсын деп жалбарынады, ал мерекенің тарихы 1400 жылдан астам уақыт бұрын басталған.

«Onmyoji» (онмёджи – зұлым күштерді қуатын оккультистер) деп аталатын ерекше мамандық иелері салтанатты шараға арнайы ұлттық киім киеді. Ежелгі заманда бұл костюмдерді қарапайым адамдар да киген,  қазіргі уақытта тек салтанатты шараға қатысушылар киеді. Көздің жауын алар ұлттық киім киген император әулеті мүшелерін де осы салтанат барысында көруге болады.

«Aoi Matsuri» фестивалі аясында жапонның «Gagaku 雅楽» деп аталатын класикалық музыка жанрымен жақын таныса аласыз. Бұл жанр бойынша әуен ежелгі жапон музыкалық аспаптарында орындалады. «雅楽» (Gagaku) жапон канджи-иероглифі «талғампаздар музыкасы» деп аударылады. Осы таңқалдырар жанр кез келген тыңдарманды асқақтығымен әрі қайталанбас үнімен баурап алады.

Жапониядан шыққан олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Юзуру Ханю «Gagaku» жанрында әрі осы бағытқа сай ұлттық жапон киімімен өнер көретті.

Біздің дәуіріміздің 5 ғасырынан бастап ежелгі азиялық музыка мен би Жапонияға Қытай мен Корей жарты аралынан жеткен екен. Бүгінде «Gagaku» – қазіргі заманғы Жапонияны оның ежелгі мәдениеті және өнерімен байланыстыратын қайталанбас өнер саналады.

«Gagaku» жанрында жапон флейтасы, «кото» музыкалық аспабы, «бива» деп аталатын шекті құрал және ұрмалы аспаптар қолданылады. «Gagaku» мың жылдың шамасында ұрпақтан ұрпаққа жетілдіріле отырып, аманатталды. Кейінгі уақытта бұл жанр тек Күн шығыс елінде ғана емес, дүние жүзінде танымал бола бастады. «Gagaku» музыкалық аспабын өндірушілер қатары жыл өткен сайын артып келеді.

Аталған жанрда қолданылатын аспаптар қатарында «Gagaku» жанрының классикалық үнін жеткізе алатын «Sho» деген атауға ие үрмелі аспап та бар.

Оның дөңгелекке бекітілетін 17 бамбук түтігі бар. «Sho» үні феникс (самұрық) құсының дауысына ұқсас, содан болар, дыбыссыз түтіктер мифке айналған құстың қанаттарын еске түсіреді.

«Sho» – арган аспабының қорғасын түтігі іспетті механизм. Бір қызығы, музыкант үрлесе де, үрлемесе де, аспаптың дыбысы шыға береді. Сондықтан, дем алу үшін пауза жасаудың қажеті жоқ. Сонымен бірге, «Sho» аспабында 11 түрлі аккордты ойнауға болады, ал оның үнін ештеңемен салыстыра алмайсыз.

Қорыта келе жапон аспабы «Gagaku-дің» бар мәні оның рухында деуге болады. Бұл жанрда үлкен аудитория алдында концерт залында өнер көрсетуге болады, сондай-ақ астықтың бітік шығуы және адамдардың амандығы үшін дұға ету үшін көрермені жоқ залда да орындауға болады.

Әдетте «Gagaku» орындаушылары – рухы мықты адамдар санатынан. Олар рухани күшті келесі орындаушылар буынына жеткізе алады. Бұл әрине, мың жылдан бері Жапония мәдениетінен көрініс тауып келеді, сонымен бірге ұлттық мақтаныш саналады.

«Gagaku», сондай-ақ, әлемдегі ежелгі оркестр саналады. 2009 жылы ЮНЕСКО материалды емес мәдени мұра ретінде тіркеуге алды.