ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Латвияда "DIMASH QUDAIBERGEN" және "MIUANIZ" рододендрондарын отырғызу өтеді

Латвияда «DIMASH QUDAIBERGEN» және «MIUANIZ» рододендрондарын отырғызу өтеді

Dears Латвияда "DIMASH QUDAIBERGEN" және "MIUANIZ" рододендрондарын отырғызу өтеді

Латвияда «DIMASH QUDAIBERGEN» және «MIUANIZ» рододендрондарын отырғызу өтеді

15 мамырда Ригада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай таңғажайып көрікті бұрыш ашылады. Димаштың латвиялық фан-клубы осы іс-шараға қатысуға шақырады.

2020 жылдың маусымында Латвиядағы рододендрондардың ең ірі еуропалық тәлімбақтың (питомник — өсімдіктерді өсіретін жер) бірі Бабите-де Dimash Latvia Dears бастамасымен бірегей патша гүлдерінің екі жаңа сорттары – мәңгі жасыл «DIMASH QUDAIBERGEN» және жапырақты «MIUANIZ» сертификатталды. Екінші атауы Димаштың әжесі Миуа Низамутдинованың құрметіне қойылған сортқа жатады.

2021 жыллың 15 мамырында осы сорттардың авторы, тәлімбақтың бас селекционері Гунита Рихстинамен келісе отырып, саябақтың басты аллеясында тәлімбақтан негізгі бұталар отырғызылады.

Рододендрон саябағы — Латвия астанасы Ригадағы ең әдемі орындардың бірі, қала шетінде, қарағайлы орманда орналасқан. Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, бірегей гүлдердің композициясынан Қазақстан Республикасының бұрышы жасалады. Әр бұтаның жанында сорттың сипаттамасы және оның кімнің құрметіне екендігі туралы ақпарат бар тақтайша пайда болады.

Dimash Latvia Dears клубы және тәлімбақ басшылығы 15 мамырда осы ерекше орынға баруға және барлық медициналық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес шенеуніктердің қатысуымен рододендрондарды отырғызудың салтанатты шарасына куә болуға шақырады.

Сондай-ақ, бұл күні Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлер клубының бастамасымен тағы бір өте маңызды және ерекше сыйлық дайындалуда.

Шараның басталуы: 14:00
Мекенжайы:» Рододендри», Спилве, Бабите болысы, Рига ауданы.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі номерге хабарласыңыз: +37128147850 dimash_latvia_dears@inbox.lv
эл.поштасына немесе @dimash_latvia_dears Instagram парақшасына жазыңыз.

Рододендрон саябағы және Бабите тәлімбағы туралы

Бабите тәлімбағы 1980 жылдың шілдесінде құрылған және қазіргі уақытта Балтиядағы жалғыз мамандандырылған рододендрон тәлімбағы болып табылады. Шамамен 12 гектар жерде орналасқан саябақта аймақтағы рододендрондардың ең үлкен коллекциясы — 77 жабайы және 239 асыл тұқымды сорттары, оның ішінде 86 жергілікті түрі өседі.

Барлық латвиялық сорттар Ұлыбританияның Корольдік бау-бақша қоғамында тіркелген. Тәлімбақта селекциялық жұмыстармен қатар рододендрондарды зерттеу және көшет өсіру жүргізіледі. Жыл сайын саябаққа әлемнің әртүрлі елдерінен 25 мыңнан астам адам келеді.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...