ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Латвияда Наурыз мейрамына арналған концерт өтті

Латвияда Наурыз мейрамына арналған концерт өтті

Басты жаңалық Латвияда Наурыз мейрамына арналған концерт өтті

Латвияда Наурыз мейрамына арналған концерт өтті

«Қош келдің, Наурыз!» — деген тамаша атаумен алғашқы рет Балтық жағалауы елдері, оның ішінде Латвияда Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» қазақ халық аспаптар ансамблі мен «Жорға» халық биінің үлкен мерекелік концерті өтті.

Бұл іс-шара Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі мен Елші Дәурен Кәріповтың бастамасының, сондай-ақ бесінші жыл дүниежүзіне шығармашылығын ғана емес, сонымен бірге әншінің туған жерін де әлемге танытып келе жатқан Димаш Құдайбергеннің латвиялық фан-клубының сұранысының арқасында атап өтіле бастады.

Мерекені өткізу үшін Ригадағы ең жақсы орындардың бірі, Елшіліктің шақыруымен бірнеше жүздеген қонақтар жиналған «VEF» мәдениет сарайының Үлкен залы таңдап алынды.

Іс-шараның ашылуы кезінде Елші Дәурен Кәріпов барлығына қатысқандары үшін алғыс айтып, бұл бірінші кезекте Қазақстан мен Латвия арасындағы мәдени байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Шара барысында қазақстандық өнерпаздар халық әуендері мен қазіргі қазақ композиторларының шығармаларынан тұратын бай және алуан түрлі бағдарламаны көрермендерге қазақтың халық аспаптарында ұсынып, әдемі ән мен тамаша би нөмірлерін көрсетті. Ал көрермендер мұны өз кезегінде ерекше әсермен тыңдап, зор қошемет көрсетіп отырды.

Латвиялық көрермендерді қазақ мәдениетінің алуан түрлілігі мен бірегейлігі, орындалған туындылардың ерекше әуені мен ұлттық киімдердің керемет сұлулығы таң қалдырды.

Мерекенің ерекше тосын сыйы – Елшіліктің барлық қонақтарға сыйға тартқан Қазақстанға туристік сапар кітабының тұсаукесері болды. Ал бұл басылымның басты ерекшелігі – ағылшын тілімен қатар қазақ және латыш тілдерін қолдануы.

«Димаш Құдайбергеннің латвиялық «Dimash Latvia Dears» жанкүйерлер клубы Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов мырза мен Маңғыстау облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақов мырзаға тамаша өткізілген мерекелік концерт үшін, сондай-ақ жанкүйерлер клубы мен алдағы барлық ауқымды жоспарларды қолдағаны үшін шын жүректен алғысын білдіреді», — деп бөлісті латвиялық Dears.

Соңғы жаңалықтар

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...