ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Максим Золотухин: "Бұндай сұлулықты әлемнің барлық адамы көруі керек»

Максим Золотухин: «Бұндай сұлулықты әлемнің барлық адамы көруі керек»

Әлем Максим Золотухин: "Бұндай сұлулықты әлемнің барлық адамы көруі керек»

Максим Золотухин: «Бұндай сұлулықты әлемнің барлық адамы көруі керек»

DimashNews редакциясы фотограф Максим Золотухин түсірген Қазақстан табиғатының әсерлі суреттерін назарларыңызға ұсынады.

Максим Золотухин Алматы қаласының тумасы. Ол мектеп қабырғасында жүргеннен бастап қарапайым «Смена» камерасына суретке түсіре бастады. Университеттің журналистика факультетінде оқып жүрген сәтінде «Зенит» камерасын алып, алғашқы жұмыс істеген орны «Огни Алатау» газетінде бір уақытта репортер және фотограф қызметін атқарды.

фотограф Максим Золотухин

Уақыт өте келе Максим тек фотографиямен айналысып, көптеген қазақстандық газет және журналмен жұмыс істей бастайды. БАҚ-та ол 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеді және ол бір сәтте-ақ фотограф ісіндегі эстетика оны көбірек қызықтыратынын түсінді.

«Мен әр суретімнің әдемі ашықхатқа, күнтізбедегі параққа немесе қабырғадағы суретке лайық болуы үшін алдыма үлкен мақсат қойдым. Бұл көп көңіл бөлуді және уақытты қажет етті, сондықтан маған журналистикадан бас тартуыма тура келді».

Ол Қазақстанның табиғаты туралы еркін айта алады. Оның үстіне, оның мойындауы бойынша, табиғат оны баурап алады және өзіне тәуелді етеді.

«Бір кездері бұл аң аулауға ұқсас нәрсеге айналды. Біріншіден, сізге ыңғайлы орын табу керек, екіншіден, ауа-райы қолайлы және жарық жақсы түсетін жер болса, сіздің жолыңыздың болғаны. Ең жақсы нұсқаны алу үшін кейбір жерлерге бірнеше рет оралуға тура келеді».

Максим Золотухиннің жұмыстары қазақстандық және халықаралық байқауларда тұрақты түрде марапаттарға ие болады, ал фотографтың әлеуметтік желілеріндегі шаттыққа толы оң пікірлерді әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқырмандары қалдырған.

«Мен түсірген суреттерден Димаштың туып-өскен Отанының сұлулығын көре алғандары үшін Dears, маған, өдерінің алғыс сөздерін жиі жолдайды. Ал Қазақстанның табиғаты алуан түрлі және бірегей болғаны соншалық, бір кадрды қайталап бірдей түсіру мүмкін емес, үнемі әртүрлі болып шығады. Сонымен қатар, бізде шөлді аймақтан бастап мәңгі мұз басып жатқан барлық климаттық аймақтар ұсынылған. Менің ойымша, бұндай сұлулықты әлемнің барлық адамы көруі керек».

Жақында фотографқа Димаштың АҚШ-тан келген жанкүйері, Dears арасында танымал скрипкашы, Сан Шен жүгінді. Ол фотографтың суреттерін «Самалтау» әніне жасаған каверінде пайдаланды.

Максим пейзаждық фотографиядан басқа, өзге де жанрларда жұмыс істейді. Туған қаласының суреттері алматылықтар арасында ең танымал және көп жариялымға ие болды. Сонымен қатар, ол жақында макрофотографияға қызығушылық танытты. «Бұл да өте қызықты – тұтас микромир», — дейді Максим.

Жарияланымда пайдаланылған барлық фотосуреттерді автор танысу мақсатында арнайы dimashnews редакциясы үшін берген. Барлық суреттердің құқығы Максим Золотухинге тиесілі. Автордың жазбаша рұқсатынан кейін ғана кез-келген коммерциялық пайдалануға рұқсат етіледі.

Соңғы жаңалықтар

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...

DIMENSIONS жаңа турының басталуына бір күн қалды: Димаш Құдайберген жаңа шоуын ұсынуға дайын

18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды. Халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен...

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...