Белгілі ютубер Артем Гутковский Димаш Құдайбергеннің Мангасы туралы арнайы шығарылымын түсірді.
Артем Гутковский шолуында тайтл сюжеті мен құрылу кезеңдеріне тоқталды. Манга- жапондықтарға тән комикс болғанымен D’R’S авторы жасағанын атап өтті.
Мангада әлемнің, кәсіби суретшілері мен білікті мамандары жұмыс істеді, әсіресе Жапониялықтардың үлесі зор. Олардың барлығы жанр ерекшеліктерін сақтай отыра, графикалық жұмысқа асқан ұқыптылықпен күш салды.
«Өз әсеріммен бөлісетін болсам, бірінші томды қараған кезде керемет күйге бөлендім. Сапалы суреттер тарихтан сыр шертеді», – дейді «Қара Кабинет» арнасының авторы Артем Гутковский.
Естеріңізге сала кетсек, 24 мамырда Димаштың қатысуымен жаңа Dimash Manga (Manga D’R’S) жобасының ресми жарияланымына аңдатпа жасалған болатын. Бұл бірегей әрі қызықты мәні бар жанр. Бастысы Димаш Құдайбергеннің қатысуымен болатын шығармалар топтамасы.
Manga D’R’S – те Димаштың 2019 жылғы 10 желтоқсандағы Нью-Йорктегі концертіне дейін болған оқиғалар өрбиді. Басты кейіпкер- суретші қыз және оның досы. ОларТокиодан Димаштың шоуына ұшады. Сюжет барысында олар жұмбақ суреттің сандық құпиясын ашып, тылсым әлемнің тіршілік иелерімен байланысу қажет болады.
Манга 8 тілде, үш нұсқада сатып алуға болады. Электронды, стандартты баспа және Premium баспа.
Әлеуметтік желілерде Manga D’R’S жобасына қосылып, соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыздар:
Facebook https://facebook.com/dimash.manga.drs
Instagram https://instagram.com/Dimash.Manga
Twitter https://twitter.com/DimashManga
YouTube https://youtube.com/dimashmanga
ВКонтакте https://vk.com/dimash.manga
Одноклассники https://ok.ru/dimash.manga
Telegram https://t.me/dimash_manga
Tik Tok https://tiktok.com/@dimash.manga
Weibo https://www.weibo.com/u/6345786978