6 қыркүйек күні Мехикодағы метроның медиафасадтарында Димаш Құдайбергеннің Fly Away әнін орындауымен түсірілген видеосы жарияланды. Ролик апта бойы сағат сайын 576 экранда көрсетіледі.
Димаштың Мексикадағы фан-клубының арқасында бейнероликтер көрсетілді. Dears ең танымал теледидарлық желілердің бірі – Мехико қаласындағы метрода музыкалық бейнеклиптер мен мәдени жаңалықтарды орналастырумен айналысатын Isa TV-ге хабар тарату туралы өтініш жіберді.
Трансляцияның өтуі үшін Dears Isa TV ресми Instagram-аккаунтындағы посттың астына 2000 лайк жинау керек болды, Димаш шығармашылығының жанкүйерлері небәрі екі күннің ішінде қол жеткізді.
Осылайша, 6 қыркүйекте Мексикадағы елордалық метроның 70 станциясында Димаштың Fly Away әнімен көрсетілімі іске қосылды. Метро-қаланың негізгі көлік құралдарының бірі, сондықтан бейнені 3 миллионға жуық адам көреді.