Димаш пен оның әжесінің құрметіне Латвияда ғажап рододендрондардың жаңа сорттары пайда болды. Екі гүл де «Babīte» саябағының басты аллеясы маңында отырғызылады. Мұндай тартуды әншінің Латвиядағы «Dimash Latvia Dears» фан-клубы жасап отыр.
Dimash Latvia Diars фан-клубы Димаш Құдайберген шығармашылығы жанкүйерлерінің әлі өте жас бірлестігі. Клуб негізін қалаушы ретінде Ивета Шлякотаның бүкіл Латвиядан пікірлестерін жинағанына биыл қыркүйек айында тура бір жыл болады. Dears өмірінде ең ірі оқиға Димаштың Ригадағы концерті болды. Оған жанкүйерлер бар ынтасымен дайындалды, сүйікті әртістерін әуежайда тосып алды. Бүкіл әлемнен концертке жиналған Dears кездесу орнына айналған препати ұйымдастарды.
Димаштың туған күніне дайындық барысында «Dimash Latvia Dears» фан-клубы сүйікті әншілеріне қандай ерекше сыйлық жасау керектігі туралы бас қатырды. Олар сыйлықтың әдемі әрі ұзақ сақталғанын қалады. Талқылай келе латвиялық Dears әншінің есімімен қандай да бір өте әдемі гүл немесе талды атау керек деп тапты. Олардың таңдауы әрі әсемдігімен таңқалдырар гүл, әрі үлкен тал болатын патшалық рододендронға түсті. Қуанышқа орай, «Babīte» тәжірибелік рододендрондар тәлімбағының Бас селекционері Гунита Риекстиня dears-тардың бірі Марина Улманенің құрбысы болып шықты.
Гунитаның «Babīte» тәжірибелік рододендрондар тәлімбағында еңбек етіп жатқанына міне осымен 37 жыл болады екен, биология факультетін тәмамдаған ол бірден осында қызметке келген. Ол рододендрондар селекциясымен айналысқан әйгілі латвиялық профессор Рихард Кондратовичпен бірге қызмет еткен. «Babite» тәлімбағы 1980 жылы 1 шілдеде ашылған. Ауданы – шамамен 12 гектар, мұнда рододендронның 77 табиғи түрі мен 280 сорты өседі. Жыл сайын әіресе мамыр-маусым айларында гүлдеген кезде саябаққа бүкіл әлемнен 25 000 адам келіп тамашалайды екен.
Гунита рододендронның жаңа эксклюзивті сорты бар екенін, оның 24 мамырда сертификатталуы тиіс екенін, Димаштың есімімен атауға болатынын айтып жанкүйерлерді қуантып қояды. Алып шоқ гүлдері бар таңғажайып өсімдіктің Димаш үшін таптырмас сыйлық екені түсінікті болды. Өкінішке қарай, сертификат араға уақыт салып дайын болады, сондықтан «Dimash Kudaibergen» гүлінің жаңа сортының дүниеге келуі туралы тек маусым айының ортасында хабарланып отыр.
Рододендронның «Dimash Kudaibergen» сорты жапырағы қысы-жазы көк, алып гүлдері күлгін түсті, биіктігі 2-3 метр болатын бұтақ. Мамыр-маусым айларында гүлдеген кезде дүние жүзінен келген адамдарға қуаныш сыйлай алады.
Димашқа сәтті сыйлық жасалған соң, Марина Улмане Гунита Риекстынямен бірлесе отырып, Димаштың жақсы көретін әжесі Миуа Низамутдиноваға да рододендронның керемет сортын тарту керек деп шешеді. Марина Улмане – Dear, сонымен бірге, Балтиядағы театр-концерт агенті. Оның да музыкант немересі бар екен. Сондықтан Миуа Низамутдинованың болмысы оған жақын. Димаштың әжесіне рододендронның жаңа сортын тарту ниеті де осы ойдан туындаса керек.
Рододендрондар отбасында азалия деп аталатын аналық түрлері бар. Нәзіктігіне қарамастан, бұл өсімдік өте төзімді келеді. Дәл осы сортты Димаштың әжесінің есімімен атау туралы тоқтамға келген. Бұдан былай жарқын да алқызыл нәзік гүлдері бар рододендрон-азалия сорты «Miuaniz» деген әдемі атауға ие болады.
Бұл сортты адам есімімен атау мүмкін болмады, өйткені патшалық регистрде «Mia» сорты бар болып шықты, ал жаңа атау бірнеше әріпке өзге болуы керек. Осылайша, жаңа сортты Димаштың әжесінің инстаграмдағы нигі «Miuaniz» атауымен атауға тура келді. Мұнда оның есімі де бар, фамилиясының алғашқы үш әрпі де бар.
Гүлденуі өзара ерекше үйлесетін «Miuaniz» азалиясы мен «Dimash Kudaibergen» рододендроны «Babīte» саябағының басты аллеясында бір бірінің қасына арнайы тақтайша орнатылып отырғызылады. Латвиялық регистрден өзге екі өсімдік те Ұлыбританиядағы Патшалық рододендрондар қоғамдастығында тіркелетін болады.