ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears «Музыка әлемінен Месси»: Димаш пен Dears туралы Испанияның басты...

«Музыка әлемінен Месси»: Димаш пен Dears туралы Испанияның басты ақпарат құралдарының бірінде жазды

Dears «Музыка әлемінен Месси»: Димаш пен Dears туралы Испанияның басты ақпарат құралдарының бірінде...

«Музыка әлемінен Месси»: Димаш пен Dears туралы Испанияның басты ақпарат құралдарының бірінде жазды

14 қаңтарда Испанияның әйгілі «El periodico de espana» газетінде «Жаһандық феномен» айдарымен Димаш туралы мақала жарияланды. Басылымда автор қазақстандық орындаушының шығармашылық жолы туралы, сондай-ақ оның испандық жанкүйерлері туралы да әңгімелейді.

DQ FC Oficial Espana фан-клубындағы Димаштың жеті жанкүйері Испаниядағы ең маңызды ақпарат құралдарының бірі саналатын «El periodico de espana» («Испан газеті») порталына егжей-тегжейлі сұхбат берді.

Өз сұхбатында Dears қазақстандық әртістің шығармашылығына 2017 жылдан бері қолдау көрсетіп келе жатқанын, сонымен қатар, Қазақстанның Испаниядағы Елшілігімен белсенді ынтымақтасатындарын атап өтті.

«Мен оны көп тыңдаған сайын тіпті ерекше таң қала түсетінмін. Оның видео-орындауларының астында жазылған пікірлердің көпшілігі орыс және қазақ тілдерінде болғандықтан, эмоциямды ешкіммен бөлісе алмағаныма көңіл-күйім ерекше түсетін еді. Бір күні мен күтпеген жерден испан тіліндегі пікірді көріп қалдым. Ойланбастан оған жауап бере бастадым. Осылайша мен Димаштың Латын Американдық жанкүйерін кездестірдім. Ол Испанияда жақында құрылған фан-клуб туралы айтып берді. Содан бері мен ол фан-клубты Мария Хосе, Эстер, Кармен, Лаура және Кристинамен бірге басқарып келемін. Олардың әрқайсысы еліміздің түкпір-түкпірінен келсе де, барлығын Димашқа деген сүйіспеншілігі біріктіреді. Біз қазір Димаштың жанкүйерлері болып Facebook парақшасын да аштық. Ол жерде 14 мыңнан астам мүше бар. Димаш бір күні елімізде концерт берсе екен деген оймен, біз Димашты Испанияда одан да танымал еткіміз келеді», — деп атап өтті испан фан-клубының негізін қалаушылардың бірі Луиза.

Сондай-ақ, испандық Dears Қазақстанның Испаниядағы Елшілігімен белсенді түрде байланысып, ынтымақтасып келеді.

«Біз бір отбасымыз. Жыл сайын Мадридте кездесіп, онда контент жазып, алдағы жылға жоспар жасаймыз. Біздің соңғы кездесуіміз Аточа маңындағы қонақүйде өтті. Оған Қазақстан елшілігінің хатшысы да қатысты. Біз Қазақстанның елшілігімен жақсы қарым-қатынастамыз. Елшілік қызметкерлері бізді көрмелер мен көркем фильмдер көрсетіліміне жиі шақырады», — дейді Луиза.

Қазіргі таңда екі жақ та қазақ тілін үйрену курстарын ұйымдастыруды қалайды. Бірақ, Испанияда қазақ тілін үйрететін курсты табу мүмкін емес. Сондай-ақ, испан тіліне аударылған қазақша кітаптарды табу да оңай емес.

Басылымның авторы, журналист Педро Дель Коррал былай деп атап көрсетеді:

«Димаш 2017 жылдың басында Қытайды жаулап алған I Am A Singer телешоуының арқасында танымал болды. Ол кезде Димаш өз туған жері Қазақстанда әлде-қайда танымал әнші еді. Кейінірек жеке концерттерінің бірінде Димаш Даниэль Балавунның SOS d’un terrien en détresse композициясының шебер интерпретациясын көрсетті. Қазақ әншісі Димаштың диапазоны бес октава және тоғыз жарты тонды құрайды. Сондықтан ол баритоннан сопраного оңай ауыса алады. Әртіс екі альбом шығарып, АҚШ, Германия, Қытай, Ресей, Дубай, Чехия және басқа елдерде ауқымды концерттер беріп үлгерді».

Басылымның толық нұсқасын мына сілтемеге өту арқылы оқуға болады: https://www.epe.es/es/cultura/20240114/dimash-kudaibergen-club-fans-espana-kazajistan-sos-96692391

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...

DIMENSIONS жаңа турының басталуына бір күн қалды: Димаш Құдайберген жаңа шоуын ұсынуға дайын

18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды. Халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен...

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...