ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Музыка мен сән дуэті – Димаш Парижде»

«Музыка мен сән дуэті – Димаш Парижде»

Dimash World «Музыка мен сән дуэті – Димаш Парижде»

«Музыка мен сән дуэті – Димаш Парижде»

2024 жылы қараша айының басында Димаш Құдайберген Парижде (Франция) шығармашылық іссапарда болған кезде музыка және сән индустриясына арналған бірнеше іс-шараларға қатысты.

Димаш жаңа аспаптың қыр-сырын толық аша алуы үшін әлемнің ең үздік орындаушылары шақырылған «Alpange» эксклюзивті музыкалық салонында болды. Alpange пианиносы дәлме-дәл сандық тәсіл мен таза дыбыстық үйлесімділіктен және ерекше дизайннан тұрады.

Димаш салонда өзінің көптен бергі танысы, Уольтер Афанасьев, Селин Дион, Лара Фабиан және басқа да танымал музыканттармен жұмыс істейтін әйгілі француз пианисті және композиторы Флавьен Компаньонмен бірге болды.

Флавьен Доминик Бурсо және Уольтер Афанасьевпен бірлесіп Димашқа арнап жазған «Любовь еще не закончилась» сын әзірледі. Музыкалық салонда кездескен Димаш пен Флавьен көптен күткен шығарылымның фрагментін бірге ойнап, бірге ән айту мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ, «Alpange» салонында Димаш «SOS D’un Terrien en detresse» әнін пианиношы, француз музыканты, фортепиано каверлері арқылы кеңінен танымал болған Ван Туанның сүйемелдеуімен орындады.

Ван DimashNews редакторымен Димашпен кездесуден алған әсерімен төмендегіше бөлісті:

«Димашпен жұмыс істеу ұмытылмас шығармашылық әсер қалдырды. Пианист ретінде мен көптеген әртістермен жұмыс жасау құрметіне ие болдым, бірақ бұл кездесу мен үшін өмір бойына ерекше болып қала бермек. Бұл көңілді де, керемет энергияға толы сәт болды».

***
Парижде Димаш пен оның командасы қаланың көрікті жерлерін аралап, әйгілі көшелермен серуендеп, “Пари Сен-Жермен” клубының үй аренасы – «Парк де Пренс» футбол стадионында болды. Сондай-ақ Париждің YouTube аймақтық кеңсесінің өкілдерімен кездесу өткізді.

photo by Daria Senin

***
Парижде болған кездегі жұмыстың тағы бір бағыты – әлемдегі ең сәнді қалалардың бірінің ең әдемі жерлерінде фотосессия жасау болды.

Димаш жоғары сән көрсетілімдерінде модель ретінде өнер көрсетпейді, дегенмен әртіс үшін сахнадағы әрбір сәт, спектакльден тыс түрлі шаралар, тіпті жай ғана әуежайға шығу заманауи сән трендтерін ұстану қажеттілігімен байланысты.

Димаштың жанкүйерлері оның көпшілік алдына киіп шыққан брендтерін жақсы біледі. «Lanvin», «Alexander Mcqueen», «Balmain», «Brioni», «Christian Louboutin», «Givenchy», «Hugo Boss», «Louis Vuitton», «Tom Ford», «Versace», «Prada», «Damiani» және басқа дизайнерлердің образдары әнші имиджінің әртүрлі қырларын ашады.

Димаштың бұл сән әлеміндегі іс-шараға бірінші рет қатысуы емес.
«Время· Пробуждение» 2017 Fashion Night Annual Gala», «Международная неделя моды TheBelt and Road 2019», Қытайдағы «JSTYLE 2019»; «JingDong» сауда платформасының жарнамалық науқаны аясында Vogue журналының фотосессиясына қатысты.

2022 жылы Дубайда (БАӘ) өткен «Fashion Factor» сән байқауында қазақстандық әнші қазылар алқасының мүшесі болып, «EMIGALA Fashion Awards» премияда сынықаралық орындаушы ретінде марапатқа ие болды.

Осыған дейін әр елдің сәнгерлері Димаштың әуенімен өз топтамаларын бірнеше рет көрсетілімге шығарған болатын. Осылайша, Хошимин қаласында (Вьетнам) «Aquafina Vietnam International Fashion Week Spring Summer 2022» жаңа сәнді топтама көрсетілімдерінің бірі «Ave Maria» композициясысмен басталған еді. Ал 2023 жылы Аргентинада дизайнер Лола Монтераның сән көрсетілімі өтті. Онда Димаш Құдайбергеннің жұмысынан шабыт алған сәнгер жаңа «Destellos» топтамасын ұсынды.

Димаш Парижде 1889 жылы дизайнер Жанна Ланвин негізін қалаған әлемге әйгілі ең көне сән үйі – «Lanvin» француз сән киімдері мен парфюмериялық брендінің бутигіне шақырылды.

photo by Daria Senin

Қазақстандық әншінің ресми сапарында «Lanvin» сән үйінің жетекші стилисті және атақты киім стилисті Сильвен Руффье бірге алып жүрді. Маэстро Руффье Димашқа фотосессия үшін бірнеше арнайы сәнді образдар дайындады. Соның бірі арнайы салонда өтті.

photo by Daria Senin

Lanvin стилисті Сильвен Руффье DimashNews редакциясына былай деді:

«Бөлменің тарихи ерекшелігі – Альба герцогинясының ванна бөлмесін бейнелейді. Қабырғада арт-деко бағы бейнеленген. Жиһазды декоратор Арманд-Альберт Рэто арт-деко дәуірінің сұлулығын көрсету үшін және Мадам Ланвиннің қалай шабыттанғандығы мен оның өмір салты, сәулет, декор сияқты әртүрлі салалардағы бейнелерін түсіну үшін жасаған.

Екінші фотосессия «L’Envue» мейрамханасының орналасқан жеріндегі Буасси д’Англас көшесінде өтті. Онда Димаш Ланвиннің еркін де заманауи образында шықты.

photo by Daria Senin

Келесі фотосессия үшін «Maison Schiaparelli» бренді таңдалды. Бұл жоғары сән үйін 1927 жылы авангард итальяндық сәнгер Эльза Скиапарелли ашқан болатын. 2007 жылы Диего Делла Валленің қолына өткен бұл бренд түрлі сәнді киімдерді ұсына бастады. Брендтің сән трендтері бірегейлілік, сюрреализм және басқа да стандартқа сәйкес келе бермейтін әдістермен ерекшеленеді.

Сән үйінің VIP қызмет көрсету бөлімінің басшысы Армен Адриан Димашқа эксклюзивті экскурсия жасап, Париждің бес «корольдік алаңының» бірі Вандом алаңындағы “Vandome” салонында суретке түсу үшін “Schiaparelli” топтамасының бірегей туындыларынан әншіге образ таңдады.

photo by Daria Senin

«Біз көріп тұрғандай Димаштың күртешесіндегі брошьтар «Schiaparelli» өте маңызды элементтері мен әшекейлері, «Көгершін» – зәйтүн бұтағын алып жүрген көгершін бейнесіндегі, алтын жалатылған қаңылтыр әшекейі бейбітшілік символын білдіреді. Брендтің қолтаңбасы қанаттың артқы жағында нақышталған.

Димаш үшін таңдалған әртүрлі келбетімен стилист өнер әлеміндегі әншінің тұлғасын ерекше көрсететін ескірмейтін және заманауи тәсілді қолдануға тырысты», – деп бөлісті музыкалық директор Нуне Хуршудян.

photo by Daria Senin

Сондай-ақ, Димаш «Schiaparelli» үйінен сыйлыққа «Скиапарелли мен өнерпаздар арасындағы ынтымақтастық тарихы» атты кітабын алды. Осылайша, сән үйі Димашпен достық ықыластың басталғанын атап өтіп, оның керемет таланты үшін алғысын білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың үні Лондон сахнасында: «The Arts Stage» қазақ театры Г.Хугаевтың «Қара тон» қойылымын қояды

2025 жылдың 13 қарашасында Лондонда The Arts Stage театры алғаш рет қазақ тілінде, ағылшын тіліндегі субтитрлермен бірге «Қара тон»...

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Voice Beyond Horizon» жобасында Қазақстанның атынан Нұржас Садырбай өнер көрсетеді

2026 жылы Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп дайындаған «Voice Beyond Horizon» атты жаңа халықаралық жобасы көрерменге...

«Сирек кездесетін жаһұт» — вьетнамдық БАҚ Димаш Құдайберген туралы

2025 жылы 6 желтоқсанда Ханой қаласында өтетін ең ірі 8WONDER Winter 2025 фестивалінде Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуі қарсаңында Вьетнамның...

Димаш Құдайберген мен Hunan TV телеарнасы 2026 жылдың ғаламат премьерасын ұсынады – «Voice Beyond Horizon» бірлескен жобасы

Сегіз жыл бұрын Ұлы Жібек жолының әндері күллі әлемге естілсе екен деген арманмен Димаш Қытай сахнасына алғаш шыққанда, өнердің...

Димаш Құдайберген Вьетнамдағы 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars фестивалінде өнер көрсетеді

2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Вьетнамның 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars атты ең ірі...