ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Музыка шекараларды, ал мәдениет көпірлерді бағындырды. Димаш Қытайдағы басты...

Музыка шекараларды, ал мәдениет көпірлерді бағындырды. Димаш Қытайдағы басты теле арнаның жобасына қатысты

Dimash World Музыка шекараларды, ал мәдениет көпірлерді бағындырды. Димаш Қытайдағы басты теле арнаның жобасына...

Музыка шекараларды, ал мәдениет көпірлерді бағындырды. Димаш Қытайдағы басты теле арнаның жобасына қатысты

8 маусымда CCTV-1 арнасы Қытайдың Орталық радио және теледидары Мәдениет және туризм министрлігімен бірлесе отырып, Қытай мен басқа да шетелдер арасындағы кең ауқымды халықаралық мәдени алмасу мақсатында жүзеге асырған «Сұлулық пен үйлесімділік» жобасының жаңа бөлімін көрсетті.

«Музыка шекараларды, ал мәдениет көпірлерді бағындырды. Әуен басталғанда, менің әнімнен күш пен қайраттың лебі сезіліп тұрады деген үміттемін», — деп жылы лебізбен Димаш жанкүйерлерін бағдарламаны тамашалауға шақырды.

Сол жоба кешінде Димаштың бірнеше жылдан бері жеке концерттерінің негізі болған ерекше күш пен қайратқа толы «Golden» әні жобаның сахнасында тағы да шырқалды.

Ал халықаралық ынтымақтастық ретінде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдан келген Сучжоу жастар симфониялық оркестрінің хоры POLY WeDo сүйемелдеуімен әйгілі «You Raise Me Up» композициясын ұсынды.

Еске сала кетейік, Димаш өткен жылдың қазан айында өткен «Сұлулық пен үйлесімділік» жобасының премьера бөліміне қатысқан болатын. Одан кейін атақты пианист Ланг Лангпен бірге композитор Синь Синхайдың «Сары өзеннің қайықшысының әні» атты фортепианолық концертінің бірінші бөлімінің фрагментін орындап, қазақтың халық әні «Дударайды» төл дәстүрлі нақышта және джаз-фанк стилінде ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...