ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Париж Олимпиадасын әнге бөлеген Димаш Құдайбергеннің даусы

Париж Олимпиадасын әнге бөлеген Димаш Құдайбергеннің даусы

Dimash World Париж Олимпиадасын әнге бөлеген Димаш Құдайбергеннің даусы

Париж Олимпиадасын әнге бөлеген Димаш Құдайбергеннің даусы

Қазір Парижде өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан болгар спортшысы Боряна Калейн Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «SOS d’un terrien en distresse» композициясына гимнастикалық ұршықтармен өнер көрсетті.

Болгарияның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Боряна Калейн Франциядағы Олимпиада ойындарындағы бағдарламасын инновациялық музыкалық сүйемелдеумен барлық төрт жаттығу бір сюжеттік желіге жинақталған — біреуінің соңы екіншісінің басымен жалғасатындай ұсынады. Әрбір шығарылым Борянаның өмір тарихының үзіндісі, оның спорттағы ұзақ мансабындағы жеңістері мен қиындықтарын баяндаудан тұрады.

Барлық төрт жаттығудың бағдарламасы бір оқиға желісінде орындалады — әрбір жаттығудың соңғы позасы келесісінің бастапқы позасы болып табылады. Ал, бір нөмірдің музыкасының соңғы аккорды келесі орындауды органикалық түрде бастайды. Гимнастикалық ұршықтармен жаттығу бағдарламасы әр спортшының жолындағы болмай қоймайтын сәтсіздіктер мен қиындықтар туралы, қайсарлық, жігер мен сенімнің арқасында жеңіске жету жолындағы күмәндер мен тәжірибелер туралы баяндайды.

Борянаның ішкі сезім тартыстары Димаштың музыкасымен, даусымен және әннің сөзімен керемет үйлесім табады. Ал Димаштың аталмыш «SOS d’un terrien en distresse» шығармасында адамзат: “Менің істеп жатқан ісім күш салуға тұрарлық іс пе? Осы өмір күресінде табыс пен жеңіске жете аламын ба? — деген сұрақтардың жауабын іздегендей күй кешеді. Бұл таңдалған композиция арқылы спортшының мансабында барлық қиындықтар мен күмәндарды күш пен жігердің арқасында жеңіп шығу процесін тамаша көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...