ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Степан Хаузер және Димаш Құдайберген...

Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Степан Хаузер және Димаш Құдайберген – Будапешттегі үйлесімді керемет квартет

Dimash World Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Степан Хаузер және Димаш Құдайберген – Будапешттегі үйлесімді...

Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Степан Хаузер және Димаш Құдайберген – Будапешттегі үйлесімді керемет квартет

Есімдері әлемге танылған Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Степан Хаузер және Димаш Құдайберген сынды музыкантар «Virtuosos» жобасы аясында бүгінгі таңда адамзаттың әнұранына айналған ХХ ғасырдың ортасындағы ең танымал эстрадалық әндердің бірін бірлесіп жазды.

«My Way» туындысын алағаш 1969 жылы Фрэнк Синатраның орындаған болатын. Бұл туынды ұзақ уақыт бойы Ұлыбритания мен АҚШ-тың музыкалық диаграммаларында бірінші орынды бермеді. Сондай-ақ, Элвис Пресли, Мирей Матье, Том Джонс, Муслим Магомаев сияқты музыканттардың ерекше әндері болып саналды.

Екінші ақпанда Венгрияда өнер тарихында ерекше бір оқиға орын алды. Қазіргі заманның ең танымал опера әншілері болып саналатын майталмандар Хосе Каррерас пен Пласидо Доминго жас болса да жанкүйерлерінің жүректерінен орын алып үлгерген Степан Хаузер және Димаш Құдайберген сынды әншілермен бірігіп өнер көрсетті.

Бұл үйлесімді керемет квартеттің қойылымын көрермендер 2025 жылдың көктемінде Duna TV эфирінде тамашалайды. Ал шоудың эпизодтары 25 сәуірден бастап көрсетілімге шығатын болады.

Көрермендер үшін тағы бір тосынсый Хаузер мен Димаштың жаңа дуэті болады. «Virtuosos» шоуының алаңында виолончельдің сүйемелдеуімен қазақстандық музыканттың «Stranger» жеке концерттік турының флагманы шырқалады.

Игорь Крутойдың қазақ музыкалық аспабын пайдалана отырып, аспаптық линияларға бай аранжировкадағы композициясы виолончельдің классикалық музыкалық партиясымен жиектелген жаңа тәсілмен шырқалады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Димаш пен Хаузер Сингапурдағы «Virtuosos Charity Concert event» — ке қатысып, Димаштың «Ave Maria» және «SOS d’ un terrien en détress» репертуарындағы әндерге дуэт жазған болатын.

Фотосуреттер галереясы

 

Соңғы жаңалықтар

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...