Қарақат Башанова: «Ән арқылы әкемнің есімін тарихта қалдырғым келеді»

1971

Осы жексенбіде Junior Eurovision халықаралық ән байқауы өтеді. Қазақстан атынан сүйкімді Қарақат Башанова қатысады. Жас өнерпаз DimashNews редакциясына байқауға дайындығы, өз ойымен бөлісті.

Он екі жастағы Қарақат Бажанова Алматы облысы, Талғар ауданы Рысқұлов ауылында дүниеге келген. Қазір Алматыда белгілі қазақстандық опера әншісі Күләш Байсейітова атындағы республикалық музыка мектебінде білім алып жүр.

Қарақаттың бойында музыкаға деген шексіз махаббатты әкесі сіңірді. Ол 2 айлық нәрестеге түрлі қазақ әндерін қосып, тыңдатты. Әсіресе «МузАрт»тобының әндерін құндақтан естіп өсті.

Өнерді өң бойына сіңіріп өскен бүлдіршін бір жасқа келгеннен былдырлап ән сала бастады, оны әкесі видеоға түсіріп отырды. Бес жасынан бастап Қарақат балалар арасындағы ән байқауларына қатысып, тоғыз жасынан кәсіби вокалмен айналысты.

Кішкентай Қарақат бір жарым жыл бойы танымал қазақстандық әнші Қарақат Әбілдинаның студиясында білім алды. Соңғы уақытта вокалдан  Лиза Қалғұлова дәрісін алып жүр. Жас өнерпаз тәуліктің бір жарым сағатын вокалға арнауға тырысады.

2019 жылы Қарақат Башанова Beauty Balа байқауына қатысып, 3-ші орынды иеленді. Бұл байқауды өткізуді Димаштың «Dimash Salem»фан-клубы ұсынған болатын. Жанкүйерлердің пікірі бойынша, мұндай жоба шығармашылық жолын конкурстардан бастаған және балаларды өте жақсы көретін Димашқа жақын. Идеяны Димаш пен оның ата-анасына бірден құптады.

Baqytty Bala байқауы Қарақаттың сахнаға скрипкамен шықсам деген  арманын жүзеге асырды. Ол кезде Қарақат қазақтың халық әні «Желкілдек» және Уитни Хьюстонның репертуарынан «I have nothing» әнін шырқады.

«Baqytty Bala байқауы туралы менде тек жағымды естеліктер қалды. Түрлі елдерден: Ресей, Украина, Беларусь, Түркиядан көптеген қатысушылар болды. Біз бәріміз дос болып кеттік, әлі де хабарласып тұрамыз. Байқау кезінде біз көлдің жанында әдемі жерде тұрдық, ал түнде бүкіл команда велосипедпен жүретін едік. Жарыстан кейінгі күні гранд-финал болды. Біз оған лимузинмен бардық, қызыл кілемде бізді оркестрмен қарсы алды. Бұл ұмытылмас сәт болды. Сол кезде мен өзімді Голливуд жұлдызы сияқты сезіндім», – дейді жымия күлген Қарақат.

Қазір жас әнші Junior Eurovision байқауына дайындық үстінде. Қыркүйек айында Қарақат ұлттық іріктеуде жеңіске жетті. Онда Қазақстаннан 12 үміткер қатысқан болатын. Жүлде Қарақатқа бұйырды. Ол үшін бұл ауқымдағы алғашқы байқау. Сондықтан ол қатты толқығанын айтады. Өйткені жауапкершілік мол.

Қарақат өзіне үлкен үміт артылғанын жақсы біледі. Оны ақтау үшін бар ынтасы мен күшін дайындыққа жұмсап жүр.  Таң атқанна кешке дейін шыңдалуда. Дайындықтың соңғы аптасы қиын болғанымен Қарақат оның аяқталмағанын қалайды. .

Балалар Евровидениесінде Қарақат сүйікті әкесіне арналған «Forever» (Мәңгі) әнін көзіне жас алып, ерекше сезіммен орындады.

Оның авторы – қазақстандық сазгер Хамит Шанғалиев. Қарақатпен кездескенде композитор үлкен сахнадақайндай ән орындағысы келетінін сұраған.

Бала Қарақат ұзақ уақыт жеке басына қатысты оқиға туралы сыр білдіргісі келмегенімен, кейін әнін әкесіне арнағысы келетінін жеткізген. Бұл Хамитке қатты әсер етті. Өйткені бұл сезім мен толқыныс композитордың өзіне жақын. Сондықтан ән тез жазылды.

«Менің жеткен жетістігім, кішкентай жеңістерім – осының бәрі әкемнің арқасында. Өйткені, ол менің бойымдағы музыка мен әнге деген сүйіспеншілікті оятты. «Forever» – мен үшін ерекше ән.  Өз шығармашылығым арқылы әкемнің есімін тарихта қалдыру менің міндетім деп санаймын», – деді Қарақат.

Қарақат болашақта бірнеше музыкалық аспапта еркін ойнай алатын өнепраз болсам деп армандайды. Қазір скрипка мен фортепианоны үйреніп жүр.

Тағы бір басты арманы – анасын Санкт-Петерборға апарып, оның ақ түндерін көрсету және сол жерде өзінің скрипкалық концертін өткізу.