«RadioDimash.pl» радиосында Абай Құнанбаевқа арналған бағдарлама өтті

952

«RadioDimash.pl» польшалық фан-клуб радиосында 13 қазан күні қазақтың ұлы ойшыл ақынына арналған бағдарлама өтті. Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына арналған шығарылымға Варшава университетінің аспиранты Жандос Каринбаев шақырылды. Студия қонағы радио тыңдарманға Абай шығармалары туралы поляк және қазақ тілінде сұқбат берді.

«Dimash Kudaibergen Fanklub Polska» фан-клубының Dear-ларының радио ашу мақсаты – Димаштың шығармашылығын насихаттау. Қазақ ұлының өнерін тыңдарманға жеткізу. Таңғажайып музыкалық әлемді ұсыну.

Радиостанцияда «ТОП-7» секілді музыкалық блоктар бар. Балалар мен ересектерге арналған «Ұлы дала ертегілері» атты әдеби бағдарламалар бастау алды. Поляк жанкүйерлері  Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абайша сүю» бағдарламасын ашты.

Бағдарлама қонағы – Варшава университетінің аспиранты қазақстандық Жандос Каринбаев. Поляк-қазақ қатынастары тарихына маманданған саясаттанушы және зерттеуші. Ол радиотыңдарманға Ибрагим Құнанбаевтың кім болғанын, қазақ ұлтының тарихын қалыптастырудағы рөлі туралы айтты.

Эфир барысында Польшадағы Димаштың жанкүйерлері Абай Құнанбаев жөнінде мол мағлұмат алды. Әже тәрбиесін көріп, білім нәрімен сусындаған Абай ана тілінен басқа араб, парсы және орыс тілін жақсы меңгерген.

Оның керемет музыкалық туындыларын заманауи қазақстандық әншілер жатқа біледі. Орындап жүр, оның ішінде Димаш Құдайберген Абай әндерін нақышына келтіріп шырқайды.

Жандос Каринбаевтың айтуынша, Абай Шығысты еуропалық мәдениетке жақындату керектігін ерте түсінді. Ол шексіз дана адам, өз елінің ұлы патриоты болды. Ол қазақ халқының жақсы өмір сүруін қалады. Қара сөздері арқылы өз ойын айтып, ақыл-кеңес берді. Сондықтан радиобағдарламаның бұл шығарылымы «Абай секілді сүю» деп аталды.

«Біз радиодан Қазақстаннан қонақ қабылдағанымызға қуанамыз. Жандос Кәрімбаев поляк тілінде де, қазақ тілінде өте қызықты әңгіме айтты. Біздің бағдарламадан соң Димаштың өнерге деген көзқарасы мен кеңпейіл мінезінің  қалыптасуында Абайдан келе жатырған тәлім бар екенін түсіндік. Бұл даусыз. Абайдың ойларын оқи отырып, ақылды, әмбебап және мәңгілік аты өшпейтін тұлғаларды құнды мұра деп  түсінеміз. Бұл әр адамға арналған нұсқаулық», – деді Тереза ​​Какол.

Сондай-ақ, келесі сейсенбі, 20 қазанда Варшава уақытымен 18:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00) Димаш радиосын тыңдаңыз. Жандос Кәрінбаев «Қазақстан – бұл тек кең дала мен киіз үйдің елі емес» бағдарламасында тыңдарманға Қазақстанның табиғаты, бай тарихы мен ескерткіштері туралы айтып береді. Бағдарлама поляк және қазақ тілдерінде өтеді.

 

Dimash Kudaibergen Fanklub Polska