ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World "Samaltau" Аргентинадағы Septiembre Musical фестивалінде

«Samaltau» Аргентинадағы Septiembre Musical фестивалінде

Dimash World "Samaltau" Аргентинадағы Septiembre Musical фестивалінде

«Samaltau» Аргентинадағы Septiembre Musical фестивалінде

Қазақстан Аргентинаның ең танымал мәдени фестивальдерінің бірінде алғаш рет таныстырылады. 3-30 қыркүйек аралығында іс-шара қонақтары қазақ мәдениетімен, музыкасымен және еліміздің пейзажымен таныса алады.

Septiembre Musical («Музыкаға толы қыркүйек») – Аргентинаның Тукуман провинциясында 1960 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан халықаралық фестиваль. Оңтүстік жарты шарда қыркүйек әрдайым өте жылы болады, сол себепті де оқиға жағымды атмосферада және жақсы ауа-райында өтеді.

61 жыл ішінде фестиваль өзін Аргентинадағы ең маңызды мәдени және қоғамдық іс-шаралардың бірі ретінде көрсетті. Оған Рави Шанкар, Дюк Эллингтон, Tokyo String Quartet, орыс скрипкашысы Борис Белкин, аргентиналық композитор Астор Пьяццолла, израильдік дирижер Шломо Минц және т.б. танымал әртістер қатысты.

Бастапқыда Septiembre Musical академиялық симфониялық, камералық және хор музыкасына арналды, бірақ жылдар өте келе балет, опера, джаз, сонымен қатар халықтық, танго, рок және поп-музыка пайда болды.

Бір жыл бұрын коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты фестиваль тек онлайн форматта жүзеге асырылды. Биыл шара 3-30 қыркүйек аралығында өтеді және онда тек онлайн-шоулар ғана емес, сонымен қатар ашық аспан астында, концерт залдарында және театрларда тікелей қойылымдар жоспарланған.

Фестивальде әлемге әйгілі аргентиналық әртістер пианист Мигель Анхель Эстрелла, Хуан Фалу, Хайро және Елена Роджер сияқты әншілер және Escalandrum джаз секстеті өнер көрсетеді.

Өткен жылдардың табысты тәжірибесіне сүйене отырып, Septiembre Musical-да әлемнің басқа елдерінің музыкасы шырқалатын болады. Биыл 61 жылдық тарихында алғаш рет іс-шараға Қазақстан қатысады. Бұл іс-шара Димаштың Аргентинадан келген la Era Dimash (LED) фан-клубының, сондай-ақ Росарио қаласындағы Қазақстан консулдығының және оның құрметті консулы Густаво Гутеррестің қолдауымен жүзеге асты.

La Era Dimash мүшелері қонақтарды Қазақстанның музыкасымен, мәдениетімен және пейзажымен таныстыратын арнайы бағдарлама ұйымдастырды. Фестивальге екі бейнеролик ұсынылады: «Тұран» этно-тобының орындауындағы «Ер Тұран» композициясы және Димаш Құдайбергеннің «Samaltau» әні.

Алдын ала құрылған жоспарға сәйкес, Қазақстан туралы бағдарлама 24 немесе 25 қыркүйекте тек интернет-платформаларда (YouTube және т.б.) ғана емес, жергілікті телеарналар мен радиода да көрсетілетін болады.

La Era Dimash өкілдері фестиваль кезінде Қазақстанның таныстырылымына қатысады. Олардың қатысуы Аргентинаның солтүстік-батысындағы Буэнос-Айрестен 1200 км қашықтықта орналасқан Тукуман, Сальта және Жужуй үш провинцияда Dears-пен кездесуді ұйымдастыратын топтың туры аясында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...