Санаулы жанкүйермен құрылған «DQFCUkraine» фан-клубы бүгінде халықаралық дәрежеде жұмыс істейді

960

Өз елінде сүйікті әншілерінің шығармашылығын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан фан-клубта алғашында небары ондаған адам болатын. Бүгінде қатары ұлғайған Украинадағы фан-клуб халықаралық деңгейге көтеріліп отыр. Назарларыңызға Димаштың ірі фан-клубтарының бірінің тарихы туралы ұсынамыз.

Украинадағы халықаралық фан-клуб жұмысы 2018 жылдың 15 қарашасында Facebook желісінде топ ашудан басталды. Бұл Димаштың Лондондағы концерті қарсаңында болатын.

Осыған дейін қазақстандық әншінің шығармашылығымен енді танысып жатқан Украинадағы жанкүйерлері фейсбуктегі өзге шетелдік фан-клубтардың топтарында жүретін.

Алайда, күн өткен сайын танысу және сүйікті әншілерінің шығармашылығы жөнінде пікір алмасу қажеттілігі туындап, украиналық «DQFCUkraine» фан-клубын ашуға әкеп соқты.

Бастапқыда фан-клубта ондаған адам болды, бүгінде фейсбуктегі топта 24 мың белсенді қатысушы және инстаграмдағы парақшада 3,5 мыңнан астам фолловер бар.

Фан-клуб ашылған күннен бастап жаңа қатысушыларды қарсы алған әкімшілік клубтың мақсаттарымен бөлісіп отырды. Фанаттар Димашты Украинада және әлем бойынша насихаттауды, сонымен бірге, фанаттардың көптен күткен әншінің Украинадағы концерті туралы таратуды көздеді.

Мақсаттары айқындалған украиналық Dears-тар қазақстандық әншінің шығармашылығы мен танымал интернет-ресурстардағы концерттері туралы жазбалар жариялай бастады. Ол кезде жанкүйерлер бірін-бірі жүзбе-жүз танымайды да екен. Өйткені, әншінің тыңдармандары әр қаладан болатын.

Алғаш рет украиналық жанкүйерлер қуанышты жағдайда кездесіп танысатын болды. Белгілі украин режиссер Алан Бадоев Игорь Крутойдың Димаштың орындауындағы «Любовь уставших лебедей» әніне клип түсіретін болды.

Клуб қатысушылары үшін аса құрметті мейманды өз жерінде күтіп алмау мүмкін емес еді. Dears-тар Украинаның барлық қаласынан жиналды. Сонымен бірге, Димашты күтіп аларда үш тілде ашық хат басып шығарған. Онда фанаттар шыққан қалалар Киевпен қызыл жолақпен байланыстырылған.

Алғашқы естен кетпес кездесуден кейін фан-клуб жұмысы қарыштап дами бастады. Бір-бірімен жақын танысқан украиналық Dears-тар Димаштың өзге елдердегі концерттеріне бірге баратын болды. Ол жақта басқа клуб қатысушыларымен кездесе бастады.

Фанаттар арасында достық күшейе түсті, өйткені әншінің фанаттары кішіпейіл, ізетті, бір-біріне ілтипат таныта білетін. Әр концертте кездескен сайын Dears-тарда керемет достық сезім ұлғая түсетін. Әрі, бұл ештеңемен салыстыруға келмейтін сезімдер болатын.

«DQFCUkraine» қатарының ұлғайғаны сол, өзге елдердегі фан-клубтар арасында танымал бола түсті. Алғашында фан-клуб тек украиналық болып құрылды, уақыт өте халықаралық дәрежеге көтерілді.

Фан-клуб қатарында әртүрлі жастағы, мәртебедегі, мамандықтағы және ұлттың адамдары болады. Сонымен бірге, Димаш пен оның шығармашылығы туралы қызықты дүниелер – проза, өлең жаза алатын талантты фанаттар да бар.

Украиналық фан-клуб қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, мұқтаж жандарға көмектесіп отырады.

«DQFCUkraine» қатысушыларына қазақстандық ақпарат құралдары жиі хабарласады, олардың жазбалары негізінде материалдар әзірлейді.

Қазіргі таңда украиналық фан-клуб – фанаттар бір-бірімен кездесіп, байланыс орнатып, Димаштың шығармашылығы туралы ақпарат алмасатын, соңғы жаңалықтарды талқылап, күнделікті күйбің тірліктен демалатын жайлы орынға айналды.