Светлана Айтбаева «Құрмет» орденімен марапатталды

1239

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұр-Сұлтан Мемлекеттік академиялық филармониясының солисі Светлана Айтбаева «Құрмет» орденінің кавалері атанды, – деп хабарлайды DimashNews.

Светлана Айтбаева Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін бітірген. Мәдениет пен өнер саласында 20 жылдан астам жұмыс істеп, Қазақстанның барлық өңірлері мен қалаларында, сондай-ақ шет елдерге гастрольдік сапарларға шыққан. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

2020 жылдың 14 желтоқсанында «Құрмет» орденімен марапатталды.

«Құрмет» – Қазақстан Республикасының ордені. Ол экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтар марапатталады.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні қарсаңында қайраткерлері: «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Майра Мұхамедқызы («Отан» ордені); жоғары санатты қазақстандық дәрігер Абай Байгенжин (ғылым және технологиялар саласындағы мемлекеттік сыйлық Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ); «Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» МКҚК актері Тілектес Мейрамов («Парасат» ордені); Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі Арайлым Рахим (Құрметті атақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері») Алматы қаласы бойынша «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі Мақпал Жүнісова («Құрмет» ордені); пианист Жәния Әубәкірова (I дәрежелі «Барыс» ордені); ақын Шөмішбай Сариев (І дәрежелі «Барыс» ордені); журналист Юлия Кушнарева («Ерен еңбегі үшін» медалі) және т.б. мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Марапатталғандардың толық тізімі akorda.kz сайтында.

Dimashnews редакциясы Светлана Ермекқызы Айтбаеваны жоғары мемлекеттік награда алуымен шын жүректен құттықтайды! Шығармашылық қызметте табыс және ойлаған істеріңіздің іске асуын тілейміз!

 

Ақпаратты қолдану үшін dimashnews.com сайтына сілтеме жасалуы тиіс.