23-24 мамыр, яғни осы демалыс күндері көптен күткен «Tokyo JAZZ+plus LIVE STREAM» жапон джаз фестивалі өтеді. Шараға әлемдік әртістер мен джаз музыкасының саңлақтары қатысады. Фестиваль ұйымдастырушыларының хабарлауынша, өнер көрсететіндер қатары тағы 12 артиспен толықты.
![]()
«Өнер көрсететін жұлдыздар қатары тағы 12 артиспен толыққанын қуана хабарлаймыз. Олардың қатарында Джошуа Редман, Боб Джеймс, Ли Ритенур, Турумаса Хино, Gotch және Сэнри Кавагучи бар», – деп хабарлады фестиваль ұйымдастырушылары өздерінің ресми сайтында.
Сонымен бірге, соло-концерттерден өзге фестивальде таңқалдыратын әрі қызықты коллаборациялар болады деп күтілуде.
Жапон композиторы Томоми Ода, «CRCK/LCKS» поп-тобының мүшесі, танымал жапон суретшісі Акико Накаяма өздерінің жаңа спектакль-перформансын ұсынады. Ода әуені мен Накаяманың жанды өнер туындылары бірлесіп, бізге көздің жауын алар көрініс сыйлайды.
Келесі жарқын коллаб – Хироми мен Джошуа Редманға тиесілі. Хироми түрлі артистермен бірге ойнайды. Осы жолы саксофонист Джошуа Рэдман онымен бірлесіп, қашықтықтан өнер көрсетпек.
«Ovall» жапон музыкалық тобы мен «ASIAN KUNG-FU GENERATION» тобының жетекшісі вокалисі Gotch өздерінің жаңа әндерін ұсынады. Жаңа туындыға «Ovall» қатысушысы mabanua продюсерлік еткен.
«French jazz festival» және «Jazz à Vienne-мен» бірлескен жоба ретінде «TRI4TH» жапон би джаз-тобының өнерін айтуға болатын, олармен бірге танымал әнші Чайна Мозес «сахнаға» шығады.