Тбилиси ғалымдары көне суреттерді өңдеудің жолын тапты

1040

Жаңашылдықтан кенже қалып бара жатқан бейнелеу өнері де соңғы технологияның игілігін көре бастады.

Мамандар он жыл емес, бірнеше ғасыр бұрынғы туындыларды қайта өңдейтін деңгейге жетті. Соны тәсілмен өңделген еңбектер Тбилисиде өткен арнайы көрмеге қойылды. Бұл жолы жұртшылық австриялық Густав Климттың туындыларын тамашалады.

Густав Климт – бейнелеу өнерінде өзіндік із салған суретші. Оның туындылары әлдебір жұмбаққа толы. Әсіресе, түрлі мифология мен әйелдер сұлулығына қатысты суреттері төрткүл дүниеге жақсы таныс.

Грузиядағы цифрлық өнер музейі оның еңбектерін жаңа технолгиямен әрлеп, ерекше рең берген.

«Суреттерді цифрлық технологиямен байланыстару арқылы оның көлемін үлкейтеміз. Әдетте байқала бермейтін ұсақ тетіктерін анық көрсетеміз. Бастама әсіресе, жастар үшін қолайлы. Өйткені олар осы арқылы классикалық туындылармен жақын таныса алады. Бірақ, айта кету керек, цифрлық суреттер ешқашан қолмен салынған суреттің орнын алмастыра алмайды», – дейді цифрлық музей өнерінің креативті директоры Лаша Хмаладзе.

Австриялық суретшінің бүгінге дейін 50-ге жуық туындысы жетіпті. Музей мамандары әрқайсысын тыңғылықты зерттеп, оны цифрлық технологиямен байланыстырудың түрлі әдістерін қарастырған.

Семен Азалашвили есімді жергілікті тұрғынның айтуынша, бұл туындылармен бірінші әйелі танысқан екен. Енді отбасымен бірге қыдырып жүрміз. Өте керемет әсерге бөленгендігін жеткізді ол.

«Туындылар белгілі бір реттілікпен қозғалып тұрады және оны сүйемелдейтін музыка бар. Цифрлық суреттер жасауда осындай бірнеше факторды ерекше ескеру керек», – дейді мамандар.