Уханьда науқастардың көңілін «Қара жорға» биімен аулап жүр

2115

Қытай Халық Республикасында коронавирус өршіп тұрған Ухань қаласына елдің өзге өңірлерінен дәрігерлер тартылуда. Олардың арасында Шыңжаң автономиялық аймағынан барған ақ халаттылары да бар.
Жуырда ғана әлеуметтік желілер арқылы тараған төмендегі бейнероликте медициналық жәрдем көрсетуге Ухань қаласына барған қазақ дәрігері Бахаргүл Толқынқызы науқастардың көңілін көтеру үшін «Қара жорға» биін билеп жүр.

«Шыңжаң аймағынан Ухан қаласындағы ауру жұқтырған азаматтарға көмек көрсету үшін жүздеген дәрігерді жіберген. Сол мейірбикелердің жетекшісі Бахаргүл науқастардың көңілін аулау үшін қазақтың ұлттық биі» Қара жорғаны» билеп берді» деп айтады видеоның түсіндірмесінде.

Бахаргүлдің жасы отыз бес шамасында екен. Ал видеодағы оның қасында билеп жүрген насихатшы болып қызмет ететін көрінеді.
Айта кетейік, қазіргі таңда короновирус дертін жер бетінде 45 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 1100-ден көбі көз жұмды.