ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Will you be with me?"- Димаштың жаңа бейнебаянының тизері...

«Will you be with me?»- Димаштың жаңа бейнебаянының тизері шықты

Dimash World «Will you be with me?"- Димаштың жаңа бейнебаянының тизері шықты

«Will you be with me?»- Димаштың жаңа бейнебаянының тизері шықты

Димаш Құдайберген «Be With Me» атты композициясына арналған жаңа бейнебаянының тизерін ұсынды. Көп ұзамай әнші тыңдармандарға жаңа қызықты оқиғаны ұсынады.

2 сәуірде барлық цифрлық музыкалық платформаларда Димаш алғаш рет «Dimash Digital Show» онлайн-концертінде орындаған «Be With Me» композициясының студиялық нұсқасы шықты.

Саунд-продюсер Ерлан Бекчуриннің айтуынша, әртістің әнін жазған кезде команда Майкл Джексон, Куинс Джонс және Стиви Уандер сияқты аты аңызға айналған орындаушылардың шығармашылығынан шабыт алған.

Шығарылым жанкүйерлердің жақсы эмоциясына ие болғаны соншалық, олар әсерлі әнге бейнебаян шығарыла ма деп сұрай бастады.

Міне, бүгін Димаш өзінің жаңа жұмысына тизерді қуана ұсынады, ол өз шығармашылығының жанкүйерлеріне композицияның өзі сияқты жарқын эмоциялар сыйлайтынына уәде береді.

Музыкалық бейнені қазіргі таңда Мәскеу қаласында тұратын, өзінің есебінде өз елінің де, шетелдің де танымал әртістерімен жасаған жүзден астам жұмыс бар атақты украиналық клипмейкер Радислав Лукин түсірді.

«Бейнебаянды қарап отырған көрерменді соңына дейін назарын басқа арнаға аудармайтын қызықты сюжет, сондай-ақ Димаштың бұған дейін ешкім көрмеген жаңа қыры күтіп тұр», — деп құпияның шымылдығын ашты Радислав.

Оның айтуынша, бейнебаянда көрсетілген оқиға кедергілерге қарамастан мақсатына жетуге үйретеді. Режиссерге түсірілімге қатысу қызықты болды, өйткені ол үшін де бұл жаңа формат болды.

«Be With Me» бейнебаяны көрермендердің оң әсеріне ие болады деп сенемін және бұл жағдайда біз барлығын дұрыс жасадық деп қуанатын боламын. Барлығыңызға сәтті көрілім болсын! Шығарылымды асыға күтеміз!»- деді Радислав Лукин.

Қоюшы-оператор Азамат Дулатов «Be With Me» бейнебаянында, соның ішінде өзі үшін де жаңа жанр ұсынылғанын айтты.

«Мұнда экшн да, төбелеспен әсерлі көріністер де бар. Димашқа осындай бейнебаян түсіруге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын! Біздің көрермендерге бұл жұмыс өте ұнайды деп сенемін».

Димаштың өзі де алдағы шығарылым туралы пікірімен бөлісті.

«Жақында халықаралық команда жұмыс істеген менің жаңа «Be With Me» бейнебаяным шығады. Менің шығармашылығымның жанкүйерлері бейнебаянды тамашалаудан үлкен рахат алады деп үміттенемін, өйткені сіздер мені бұрын соңды мұндай кейіпте көрген жоқсыздар», – деп әнші күлімдеп пікір қалдырды.

2 сәуірде «Be With Me» әнінің көптен күткен студиялық нұсқасы Spotify, Boom, iTunes, YouTube Music, Yandex және басқа да музыкалық цифрлық платформаларда қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...