Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығын тапсыру салтанатында қызыл кілеммен жүріп өтті.
Үлкен сахнада жүргізуші Липаның сұрақтарына жан-жақты жауап берген Димаш өзі үшін көрермендердің сүйіспеншілігі маңызды екенін айтты. «Мен әрқашан өз тыңдармандарыма жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысамын. Егер мен қандайда бір жеңіске жетіп, марапатқа ие болсам, ол менің көрермендерімнің еңбегі деп білемін», деді әнші.
Димаш сонымен қатар оңашада қандай әндерді тыңдайтынын айтып берді. «Мен қазақтың халық әндерін тыңдаймын», деді ол.
Еске салайық, Димаш Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығына бірнеше номинация бойынша үміткер ретінде қатысқан болатын. Жеңімпаздар бүгін, 5 желтоқсан күні Мәскеудегі Кремль сарайында өткен салтанатты рәсімде жарияланатын болады.
Айта кетейік, «Виктория» сыйлығы жыл соңында ең үздік музыканттарға, ақындарға, орындаушыларға, продюсерлерге, журналистерге, музыка сыншыларына және ірі медиахолдингтердің жетекшілеріне беріледі.
15 санат бойынша жеңімпаздардың есімдері Мемлекеттік Кремль сарайында өткен салтанатты рәсімде жарияланады.
Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....
18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...
Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...
18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...
17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...