Чилиде «DEARMASH FM» радиосы ашылды

1197

Чилидегі «DEARMASH FM» интернет радиосы тәулік бойы қызмет көрсетеді. Аптаның 7 күнінде де Димаш Құдайбергеновтың әндері шырқалатын бұл радио 16 шілде күні іске қосылды.

Радиостанция Димаштың шығармашылығын насихаттау мақсатында ашылды. Оның өнері, Отаны мен Қазақстанның мәдениетін қамтитын болады. Интернет радионы тек Чили халқы ғана емес барлық Латын Амеркасы тыңдай алады. Радионың негізін қалаушы, әрі директоры Карлос Пачеко. Жұмысты жолға қойып, жоспарды жүзеге асыруға Мария Инес Санчес пен Вивиана Суньига да үлес қосқан.

Әр жұма, Чилидің жергілікті уақытымен 22.00-де «DEARMASH FM» радиосында Димаш Құдайбергеннің өзі орындаған әндерімен бірге қазақ өнер жұлдызының шығармашылық жолы, ол туралы деректер, туған жеріне қатысты өткен бағдарламалар қайталап беріледі.

1-2 бағдарлама: “The singer”
3 бағдарлама:  «Димаш және Игорь Крутой»
4-5 бағдарлама: «Казақстан» тақырыптарын қамтиды.

«DEARMASH FM» әлеуметтік желілерде:

Сайт: www.zeno.fm/dearmash
IG: dearmashfm
Facebook: RadioDearmashChile
Почта: radiodearmash@gmail.com

 

Dearmash Radio