ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Чили азаматы сол елдің бас телеарнасындағы пародия шоуында Димаштың...

Чили азаматы сол елдің бас телеарнасындағы пародия шоуында Димаштың бейнесінде өнер көрсетті

Dimash World Чили азаматы сол елдің бас телеарнасындағы пародия шоуында Димаштың бейнесінде өнер көрсетті

Чили азаматы сол елдің бас телеарнасындағы пародия шоуында Димаштың бейнесінде өнер көрсетті

25 қарашада оңтүстік Чилидің Чиллан қаласының 22 жастағы Пабло Ромеро Чилидегі ең ірі TVN телеарнасының “My Name Is” («Менің атым») шоуына қатысты . Оның бұл нөмірі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналды.

Паблоның үлкен сахнаға шығу жолы бір жылға жетер-жетпес бұрын жергілікті байқаулардың бірінде Димаштың рөлінде өнер көрсеткен кезден бастау алды. Сол байқауда ол 2-орынға ие болды. Кейінірек, Лос-Анджелес қаласында өткен имитаторлар байқауына қатысып, өте тәжірибелі қатысушылармен бәсекелесіп, 3-ші орынды жеңіп алды. Дәл сол кезде Димаштың жанкүйерлері жас орындаушының талантын байқаған болатын.

Оның өнеріне қызығушылық танытқан жанкүйерлердің бірі Паблоны Чилидегі Димаштың жергілікті Dears командасымен таныстырған болатын. Олардың қолдауы мен Паблоның дауысы қазақстандық әншінің шығармашылығының әлемнің түкпір-түкпіріне, тіпті ең шалғай жерлерге де танымалдылығының артуына септігін тигізді.

Осымен тоқтап қалмай, ары қарай өнерін дамыту мен шыңдауды ойлаған Пабло әйгілі «Менің атым» шоуының кастингіне жазылған еді. 7 тамызда ол мыңға жуық қатысушы жиналған Сантьягодағы тыңдалымға келді. 10 сағаттық күтуден кейін ол кастингтен өтіп, 8 қарашада 80 финалисттің қатарынан көрінген болатын.

Оның 25 қарашадағы орындауы шығармашылығының шарықтау шегі болды. TVN сахнасында қатаң қазылар алқасы мен миллиондаған көрерменнің алдында Пабло Димаштың «S.O.S d’un terrien en détresse» әнін орындап, әншінің шығармашылығына қаншалықты құрметпен қарайтынын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...