12 шілдеде Джеки Чанның көптен күткен жаңа «Аңыз» атты фильмі прокатқа шықты. Фильмнің соңында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «This Love» («Бұл махаббат») саундтрегі шырқалады. Трек 5 шілдеде музыкалық платформаларға шықты.
Джеки Чанның өзі басты рөлді сомдаған жаңа фильмнің тарихы археолог Джек туралы және оның шәкірттерімен бірге арман әлемі мен шындық арасында көпір қызметін атқаратын артефактты қалай тапқаны туралы баяндайды. Археолог мұздық қазбалары кезінде табылған жәдігерлердің текстурасы түсінде көрген нефрит кулонын еске түсіретінін айтады…
«This Love» әнін Джеки Чанмен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген Оскардың музыкалық төрешісі, маэстро Натан Ванг жазған. Жаңа ән Ван мырза мен Димаштың үшінші бірлескен туындысы.
2020 жылы Димаш «Авангард» фильміне «Happy» саундтрегін орындады.
Үш жылдан кейін қазақстандық музыкант Қытайдағы «Golden Panda» сыйлығында өнер көрсетіп, онда ол әйгілі қытай әншісі Вэй Вэймен бірге маэстро Натан жазған «Join Hands» атты сыйлықтың басты музыкалық тақырыбын орындады.
Натан Ванг DimashNews редакторларымен Димашпен кездесу тарихымен және бірлесіп жұмыс істеген кездегі қызықты сәттерімен бөлісті.
Димашпен алғаш рет өткен жылы Лос-Анджелесте кездестіңіз. OST бойынша жұмыс дәл сол жерде өтті ме? Қазақстандық музыкантпен алғашқы кездесуден алған әсеріңіз қандай?
Лос-Анджелестегі Hunt студиясында алғаш кездескен кездегі Димаштың музыкалық қабілетінен алған әсеріме сөз жетпейді. Мен фортепианода ойнайтын жерде онымен бірлесу өте қызықты болды. Ол жай ән айтып, менің аккордтарыммен қалай жүретінімді интуитивті түрде түсініп, бірге тамаша үйлесіп отырдық. Мен де оның әуенінің қалай қалай қарай бет алатынын болжауға тырысып, екеуміз де сспанда қалқып жүргендей сезімде болдық. Осы сәттер есіме түскен сайын жүзіме күлкі үйіріледі!
OST «This Love» фильм үшін арнайы жазылған ән. Әнді жазу барысында не нәрсеге мән бөлдіңіз?
Студиядағы алғашқы кездесуімізді қалай айтсам да, мен үшін бұл – Димаштың дауысын саналы түрде зерттеу деп айтсам болады. Димаштың дауыс диапазонының сыры – ол да Ғалам сияқты шексіз. Неғұрлым төмен дауысты алған сайын, соғұрлым жоғары дауысты да биік дәрежеде ала алатынына шексіз таң қалдым … Диапазон ауқымында шек жоқ.
Сондай ерекше көңіл күйде болған сәтте оның музыкалық қасиетін де зерттедім. Сондай зерттеудің нәтижесінде мен Димаштың әлсіз жері жоқ толық комплектідегі музыкант екенін білдім. Әдетте, кез-келген адамның өзіне тән күшті және әлсіз жақтары болады ғой. Сол күні кешке студиядан ешбір кемшілігі жоқ дарын иесін таптым.
Ол бұл туралы білмеуі мүмкін, бірақ мен сол кезде «Legend» фильміне арналған «This Love» әнінің әуенін қалай жазу керектігін ойластырып жатқан болатынмын. Осы кезде мен Димаштың диапазонына алаңдаудың қажеті жоқ екенін түсіндім.
Димаш өзі орындайтын әндерді үнемі өзі продюсерлік етеді. Бұл бірлесіп жұмыс істеуге қалай әсер етеді?
Студияда екінші рет бас қосқанда, менің әнім негізі аяқталып қалған болатын. Димаш менің әуенімді ұнаған соң қабылдады деп ойлаймын. Бірақ кіріспедегі вокалдық бөліктердің барлығы, басындағы хор мен өлеңнің арасындағы каппелло және соңындағы барлығы оның идеялары. Осы толықтырулары арқылы ол әнді келесі деңгейге көтергендей сезінемін. Талғампаз музыкант басқаша жасамайтыны да белгілі ғой. Әнді ерекше етіп жасағаны үшін оған алғысым шексіз. Сайып келе, Димаштың арқасында бірлесіп жасаған дұмысымыз керемет шықты!
Қосымша вокалдық бөліктерді Димаш алдын ала жаза ма, әлде бұл студиядағы импровизацияның нәтижесі ме?
Бұл Димаштың талантының бір қыры десем ле болады. Димаштың барлық вокалдық партиялары алдын ала жазылмаған. Керісінше, іс жүзінде ешқандай дайындықсыз, сол жерде импровизацияланған. Бұл өздігінен жану болды. Ол «кеттік» дегеннен-ақ от жалынға оранды.
Жаңа әннің мәтіні қызықты әрі ауқымды. Ал енді, сіз ән жазуға қатыстыңыз ба, Димашқа қытайша дыбыстарды дұрыс айтуға көмектестіңіз бе?
Тіпті олай епес. Егер көмектескен болса, онда ол еңбектің бәрі оның менеджері Чжуан Янға тиесілі. Ол Димашқа қытайша сөйлеуге толығымен көмектесіп, онымен жұмыс істеді. Менің қытай тілім онша жақсы емес, мен кантон тілінде сөйлеймін. Әрине, қытайлық мұрамды мақтан тұтамын. Біақ, өкінішке орай, әлі мандарин тілін меңгерген жоқпын.
«Махаббатта сен және мен, таулар мен теңіздер бар.
Әрқашан менімен бірге бол және ешқашан тастама!
Бұл махаббат сен және мен.
Мен бұл өмірде саған деген махаббатпен дүниені төңкернім келеді.
Сол үшінде өзімдегінің бәрін саған беремін.Махаббаттан біз бақытта аламыз, қайғы да аламыз.
Болашаққа үмітпен қараймын, өткенге ұмтыламын.
Жүрегің сені маған жетелейді,
Біз бір қайықта мәңгі біргеміз.
Мен сені… өмір бойы күтемін».
Сіздер 24 мамырда Ыстамбұлда Димаштың мерейтойлық концертіне қатысып, онымен бірге «Happy» әнін орындадыңыздар. Сіз өміріңізде көптеген шоуларды көрген болуыңыз керек. Бұл концерт несімен есіңізде қалды?
Димаш сияқты талантты да харизматикалық тұлғамен сахнада біоге өнер көрсету – ұмытылмас әсер. Instagram желісіндегі достар мен қойылымның клиптерін жариялаған барлық Dears-қа деген ерекше махаббаттың арқасында мен осы сәтті қайта-қайта сезінуге дайынмын.
Сахнада біз сондай тамаша уақыт өткіздік. Ең қызығы, біз бұл әнді түнде не болғаны екі рет қана орындадық, сол ғана. Бірақ тағы да, Димаш өзінің биіктігін көрсетті. Менің саусақтарымның арасынан әуен шертіле түсті, ал мен жай ғана айналаға қарап, күлімдеп қана сол сәттен ләззат алдым.
Музыканттар, бэк-вокал және әлбетте, Димаштың өзі де сахнада өз биігінен көрінді. Мен қайтадан 7 жаста қайта оралып, Диснейлендте қыдырып жүргендей сәтті сезіндім. Дүниеденің күйбеңі мен дүниесіне алаңдамай, жан-дүниеңмен кіріп кету дер едім.
Мен атақты әртістердің, соның ішінде танымал қытайлық және американдық әншілердің музыкалық жетекшісі ретінде бірнеше рет өнер көрсеттім. Бірақ солардың ішінде Димаштың орны бөлек. Ең алғаш сәттен бастап маған Димашпен бірге өнер көрсету ерекше ұнайды.
Димаш пен оның әріптестері өз ісінің шебері, ал сіз виртуоз пианиношы және композиторсыз. Әрі қарайғы бірлесіп жұмыс істеуге жоспарларыңыз бар ма?
Әзірге нақты жоспар жоқ. Алайда, тағы осындай талантты командамен жұмыс істеу мүмкіндігі туса, еш ойланбастан жұмысты бастап кететінім сөзсіз. Олармен жұмыс барысында, мен олардың тек талантты музыканттар ғана емес, сонымен қатар тамаша адамдар екенін де білдім. Жақсы адамдар айналасына өзі сияқты жақсыларды ғана жинайтынына тағы да көзім жетті. Бұл да Димаштың адамдығы туралы біраз нәрсені көрсетеді.
Менің командамда жақсы достар мен музыканттардың болуы, олардың өсуі мен шығармашылықтарымен бөлісуі мен үшін маңыздырақ. Бір сөзбен айтқанда – міндет.
Сіз Джеки Чанмен ұзақ жылдар бойы композитор және продюсер ретінде жұмыс істеп келе жатырсыз. Оның фильмдерінде ойнағыңыз келді ме? Сіздің ойыңызша, Димашқа актер ретінде қандай рөл сәйкес келер еді деп ойлайсыз?
Бұл мен үшін қызық сұрақ. Мен киноға түсу туралы ешқашан ойламаппын. Мен сахнаның артында жүретін адаммын және сол ісімнен ләззат аламын. Бірақ Димашқа келетін болсақ, мен оны жан-жақты тұлға ретінде камера алдында да үйлесім табатынына сенімдімін. Оның музыкалық бейнероликтерін көрсеңіз – Димаштың актер болуға жаралғандай көрінеді.
Оған қандай рөл жарасады дейсіз ғой?!.. Мен кастинг-директоры емеспін ғой, мен қарапайым музыкантпын (күлді). Бірақ менің ойымша, одан фильмде әдемі жетекшілік рөл келер еді. Түсінуімше, Димаш не қаласа, соны істеп, табысқа жете алады! Мен оған сенемін және тек мен ғана емес көптеген адамдар, соның ішінде жанкүйерлері Dears да сенетінін білемін.
Димаш алдына мақсат қойса, соған міндетті түрде жетеді. Менің бір анық білетінім: Құдай оған баға жетпес сый – керемет дауыс берді. Ең қадірлісі, Димаш сол дарынын әлемге көрсете білді. Стамбулда Димашпен бір сахнада өнер көрсету бағы дәл маған бұйырғанына ерекше разымын… Сол сәттер менің жадымда мәңгілікке қалатынына сенімдімін.
Әндерді төмендегі музыкалық платформалардан тыңдай аласыздар:
QQ Music:https://c6.y.qq.com/base/fcgi-bin/u?__=tzLDeYmOPxjc
NetEase Music:http://163cn.tv/vsFNdHz
Kugou Music:https://t1.kugou.com/song.html?id=uGyIc8CPV3
KUWO Music:https://m.kuwo.cn/yinyue/389837022?f=ip&t=usercopy
Migu Music: http://c.migu.cn/00l37V?ifrom=be05633799ef23b243e6f7386f9d74ae