«Астана Опера» еуропалық хореографпен ұлттық балет дайындауда

918

«Дала үні» қойылымын Қазақстан мәдениетінің символына айналдыру . Кәсіби мамандардың пікірінше, бұл қазақ жерінде ғана емес шет елде де сұранысқа ие, түсінікті туынды болмақ.

Театрда ұлттық балет жасау идеясы бұрын ойға алынған іс. Жүзеге асыру  пандемия уақытында қолға алынды. Балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова ұлттық балеттің театр репертуары үшін маңызы зор екен айтты, деп хабарлады «Астана Операның» ресми сайты.

Спектакль сюжеті бір отбасы туралы аңызды тарқатады. Ерлі-зайыптылар бір перзентке зар болып, жартқаннан жалбарынып сұрайды. Тілектері қабыл болып, дүниеге нәресте келеді. Аңыздың басты кейіпкері де осы ер бала болады. Әңгіме желісі басты кейіпкердің өмірдің тартысымен шиленіседі. Қуаныш, қайғы, қызғаныш, ұмтылыс, сүйіктісімен кездесу, шаһар құрылысы және тағы басқа жағдайларды бастан өткереді.

Қойылымның екінші бөлімі Тілес Қажығалиевтің «Дала аңызы» балетінің музыкасына негізделеді. Көрермен  басты кейіпкердің өмірі заманауи өмірмен байланысқанын көреді.

Осы оқиғаның негізгі идеясы – өз тамырыңды, шыққан тегіңді біліп оларға құрмет көрсетпей алға жылжудың мүмкін еместігін меңзейді.

«Дала үні» балетінде дәстүрлі ұлттық әрекеттер болмайды. Алтынай Асылмұратованың айтуынша туынды әлемнің әр түпкіріндегі көрерменге түсінікті болу керек. Сондықтан, ұлттық рухты сақтай отырып, қойылымға батыстық әр қосатын атақты хореограф Патрик де Бананы шақыру туралы шешім қабылданған.

«Бұл балет қойылымының желісінен әр қазақстандық өзін таниды деп ойлаймын.  Бірақ қазақ биінің қимылдарымен шектелмейміз деп шештік.  Егер ұлттық биді тамашалағысы келген көрермен  ұлттық шығармашылық ұжымның өнерін көруіне болады. Мен не істесем де, бұл елдің қонағы ретінде табаным тиген жерге үлкен құрметпен қараймын. Мен Қытайда, Оңтүстік Америкада, Жаңа Зеландияда болғанда басқа күйде болдым. Ал Қазақстанда болған кездерім өзгеше. Жаңа жерге келгенде мен сол елдің ауасын сезінуім керек, табиғатты көруім керек, дәстүрлерін білуім керек. Бұл  дәстүрлер туралы ақпараттар маған жұмыс барысында көмек болады«, – дейді Патрик де Бана.

Балет бишілерінің айтуынша – атақты балетмейстердің қазақ халқының дәстүрлерін түсінуі, оны өз ісінде қабылдауы қызық. Спектакльдегі хореографияның өзі өте ерекше – ұлттық элементтері бар заманауи балет. Патрик де Банна осы екі компоненті үйлесіммен ұштастыра білді.

Қоюшы суретшілердің тәжірибелі командасы балеттегі кең байтақ дала мен жаңа қаланы жан тебірентерлік рухпен көрсетеді. «Астана Опера»-ның сценография, сахналық киімдер, бутафор бөлімі, жарық, бейне жасау бағыттарын театр директорының орынбасары Виктор Караре басқарады.

Оның айтуынша, көрерменнің бұл спектакльге жаңа көзқарасы қалыптасады. Театр балет дайындауды бір жыл бұрын бастады. Карантин кезеңінде де жұмыс тоқтаған жоқ – ұжым қолдарынан келгенше қашықтықтан жұмыс жасады, әлі де  жалғастырды.

«Дала үні» ұлттық балеті бүкіл көркемдік-қойылымдық құрам үшін ерекше тәжірибе болмақ. Оны дайындауға қазақстандық және шетелдік өнер саласының майталмандары  жұмылдырылды:

-қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин;
– қоюшы хореограф-Патрик де Бана;
– либретто авторы, танымал қазақстандық кинорежиссер, сценарист, ақын-Бақыт Қайырбеков;
– хореографиялық либреттоны бейімдеу авторы-Жан Франсуа Вазель;
– балет труппасының көркемдік жетекшісі-Алтынай Асылмұратова;
– декорация бойынша суретші-Рикардо Санчес Куэрда;
– костюм суретшісі-Стефани Бауэрле;
– композитор – өңдеуші – Карлос Пино-Кантана;
– жарық қоюшы – Джеймс Ангот;
– костюмдер бойынша суретші кеңесшісі-Дариға Тайшикова;
– жарық бойынша суретшінің кеңесшісі-Ұлтай Ерденбекова;
– сценография басқармасының маманы – Алина Үсенбаева;
– гримдеушілер – Серік Басбаев, Зарина Аймуханова.

Бұл спектакльде барлығы 200-ден астам адам жұмыс істейді.

11 және 12 желтоқсан күні  «Дала үні» балетінің премьерасы Нұр-Сұлтанда «Астана Операда» өтеді.

Ақпарат көзі: «Астана Опера» баспасөз қызметі