«Life goes on»: BTS тобы жеке альбомын неге арнады?

1077

«Өмір жалғасуда» – бұл BTS-тің жаңа «BE» альбомын ашатын әннің атауы. Мұнда күтпеген жерден Оңтүстік Корея тобының мүшелері өз сезімдерімен бөліседі.

«BE» альбомы 20 қарашада Корея уақытымен сағат 14:00-де жарыққа шықты. Жазбада BTS мүшелерінің адамзат үшін қиындық туғызған уақыт жөніндегі ойлары мен пікірлері жазылған.

28 қыркүйекте альбом ресми жарияланды.  Мазмұны мынадай:

««BE» альбомында «BTS»-тің қазіргі таңдамалы музыкасы бар. «Бастан өткеріп жатқан жағдайға қарамастан, біздің өміріміз жалғасуда» деген тұжырымдамадан кейін BTS-тің жаңа кезеңі бастау алып, жанкүйерлер мен әлем халқына жанға жылу сыйлар хабарлама жіберіледі. 

Бұл альбомның ерекшелігі сол  BTS мүшелері тек музыка ғана емес, сонымен қатар тұжырымдаманы жасауға да өздері атсалысты. Альбомнан жанкүйерлер BTS мүшелерінің ойлары, шынайы толғаныстары мен мағыналы пікірлерін музыка арқылы сезіне алады».

«BE» ДАЙЫНДЫҒЫ

Жаңа альбомға дайындық сәуір айында басталды. BTS қатысушылары диск дайындап, онлайн-трансляциялар мен влогтар арқылы өздерінің әрбір қадамын жариялап отырды. Бұл топ тарихындағы алғашқы жұмыс болды.

Олар жанкүйерлерге тұжырымдама, музыка жасау және ән жазу қалай жүзеге асып жатқандығы туралы айтты. Өз идеяларымен және тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылардың бірінің влогында:

«Біз локдаун яғни демалыс уақытында да үнемі мазалайтын көптеген ойларды енгіздік. Менің ойымша, біздің жаңа альбомымызда сіздің әрқайсыңыздың жаныңызға жақын нәрселер көп болады. Оны күтулеріңізді сұраймын. Өйткені ол, әр қатысушы жанын салып дайындаған альбом».

«BE» АЛЬБОМЫНЫҢ ТРЕК-ПАРАҒЫ»

BTS тобы жаңа альбом әндерінің тізімін камбэкке дейінгі 10 күн бұрын жариялады. Оған сегіз трек енді. Жетеуі -жаңа, ал біреуі – американдық Billboard Hot 100 хит – парадында бірінші орынға шыққан ағылшын тіліндегі «Dymamite» синглі. Бұл АҚШ-да жоғары көсеткіш жасаған топтың алғашқы хиті болатын.

Альбомды ашатын «Life Goes On» әні. Акустикалық гитараның сүйемелдеуімен балама хип-хоп жанрында жазылған. Коронавирус пандемиясына байланысты әлем халқы үйреншікті тұрмыстан жаңылып, қиын жағдайға тап болды.

«Life Goes On» – да BTS бүкіл әлемге қолдау хабарламасын жолдайды. Онда  «Қиындыққа қарамастан, біздің өміріміз жалғасуда. Сондықтан да өмір сүруді жалғастыра берейік» делінген.

Сондай-ақ, ән мазмұны топ мүшелерінің сүйікті жанкүйерлерімен кездесе алмағаны үшін өкінетіндерін көрсетеді.

«BE» альбомының трек тізімдері:

«Fly to My Room» – Юнги (Suga), Хосок (J-Hope), Чимин және Тэхён (V) орындаған.

«Blue & Grey» -Тэхен RM, Suga және J-Hope қатысушыларының көмегімен жазған гитаралық поп-баллада.

«Skit» – Billboard Hot 100 мен «Dynamite» алғаш басқарған кезде жігіттер жүргізген диалогтардың жазбасы.

«Telepathy» -ны Юнги жазған, фанк ырғағына толы.

«Dis-ease» – мектептегі хип-хоп, оның негізгі құрушы- Хосок.

«Stay» – юнит-трек Намджун (RM), Джин және Чонгук

«LIFE GOES ON» ӘНІ ЖӘНЕ МУЗЫКАЛЫҚ БЕЙНЕБАЯН

«Life Goes On» әнінің алғашқытизері шыққан бойда жанкүйерлердің назарына Чонгук ілікті. Ол топ мүшелерінің бірі әрі клиптің режиссері. Чонгук қашан да өзінің режиссерлық қырын сынап көргісі келетін.

Жеті жыл ішінде талантты клипмейкер екенін бірнеше рет дәлелдеді. Өз жұмыстарын үнемі жанкүйерлермен бөлісіп отырды.

«Life Goes On» бейнебаяны  Тэхённен басталады.  Ол көлік жүргізіп келе жатып, маскасын алып тастайды. Әлемдегі пандемияға қарамастан, терезенің ар жағыңдағы табиғат еш өзгеріссіз. Бұрынғыдай әдемі күйінде қала береді.

Әрі қарай, клипте қатысушылардың үйлеріндегі баяу өмірлері көрсетілген.

Әр кадр көрермен жүрегіне сағыныш ұялатындай оймен түсірілген. Мысалы, Намджун сүйікті велосипедінің отырғышындағы шаңды қолымен сүртеді. Жағдайға байланысты, өз-өзін оқшаулауға мәжбүр болған ол бұл велисопедке көптен отырмаған.

Одан кейін көлік терезесінен Сеулдің үлкен стадионын көруге болады. Онда BTS соңғы турын аяқтап, коронавирус салдарынан жаңасын бастай алмады.

Экранда барлық қатысушылары, өкінішке орай,

Үлкен концерт залының сахнасында BTS мүшелері ән салып тұр. Өкінішке орай, залда көрермен жоқ, бос. Қазіргі жағдайдан шығудың жолы жоқ секілді. Алайда, клиптің соңына таяу, әншілердің артындағы экраннан «Life Goes On» деген жазуы жарқырап шығады. Бұл өмір жалғасуда. Барлық қиындықты міндетті түрде біріге жеңуге үміт бар деген ұғым.

BTS-ТЕН ҚҰПИЯ

Қызықты дерек: «Life Goes On» әнінің атауы ресми түрде жарияланғанға дейін, BTS тобы жанкүйерлерге жасырын ой тастады.  .

БҰҰ-ның 75-ші Бас Ассамблеясында сөз алған топ мүшелері өз ойларын мына фразамен аяқтады:

«Life goes on, let’ s live on» – «Өмір жалғасуда. Әрі қарай өмір сүрейік».

Содан кейін жанкүйерлер бұл ой альбомның титулдық әнінің атауы болатынына күмәнданбады.

«BE» АЛЬБОМЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ НҰСҚАСЫНДА НЕ БАР?

Альбомға алдын-ала тапсырыс 28 қыркүйекте жарияланды. K-POP әртістерінің альбомы жанкүйерлер үшін көптеген қызыққа толы.

Сонымен, «BE» альбомын сатып алған жанкүйер 100 беттен тұратын фотобук. 32 беттен тұратын бук мэйкинг. Фото жиектеме, постер, фотокарточка, полароид-фотосуретті ашық хат пен плакатқа ие болады.

фотография: 다리아 이

«BE» ИДЕЯСЫ

Альбом шыққанға дейін бір ай бұрын BTS құрамына кіретін BigHit компаниясы алғашқы фото жариялады. Онда жігіттер көптеген музыкалық аспаптар қойылған бөлмеде түскен.

Суретте BTS – тобы мүшелерінің үстінде яғни белінен жоғары қарай  әдемі сахналық киім бар. Төменгі жағында- пижама шалбар мен үйде киетін тәпішке.

Жанкүйерлер, жігіттер қазіргі өмірдегі әріптес, мұғалімдермен сөйлесудің қазіргі шындығын ашты деп, әзілдеген болатын. Расымен, бейнеқоңыраумен сөйлескенде тек жоғарғы жақ көрінеді. Дененің төменгі бөлігі үстелмен жасырылады. Демек үй киімімен отыруға мүмкіндік бар.

Бұдан кейін топ мүшелерінің  жеке бөлмелеріндегі суреттері жариялана бастады. Ондағы әрлеу мен әр заттың орналасуы әрқайсысының мінез-құлықтары мен ерекшеліктері, бір-бірін қайталамайтын қасиеттерін көрсетеді.

Альбом шығар алдында BTS тобының 20 жастағы мүшелері туралы қысқа концепт-клип жарық көрді. Видео жас жігіттердің күнделікті тұрмысынан  хабар береді.

Жас орындаушылар өздері ғана емес ғаламдағы бар адамның пандемия кезіндегі қиындығын көрсететін шынайы, ерекше альбом жақсы пікірге ие болады деп сенеді.

«BE» шығарылымына арналған баспасөз жиынында қатысушылар коронавирус инфекциясына байланысты жағдай оларды тығырыққа тірегенін айтады. Жоспарлы турларының тоқтағанына өкпелі. Тыңдаушылармен кездесіп, ән шырқап, олармен пікірлесу ойлары жүзеге аспады.

BTS тобы бұл альбомдағы әндер жанкүйерлерге жылуларын жеткізіп, әр жүрекке үміт ұялатады деп үміттенеді. Өмір тоқтап қалғандай көрінгенмен  ешнәрсеге қарамастан ұмтылу қажет және қазіргідей жағдайда  шабыт, күш беретін сәттерді табу маңызды.

АЛҒАШҚЫ ЖЕТІСТІКТЕР

«Life Goes On» бейнебаяны YouTube-те корей уақыты бойынша 14:00-де шықты. Бір сағат ішінде қаралым саны 12,500,000-ға жетті. Сондай-ақ, трек Apple Music, Spotify және Melone алаңдарында алғашқы орынға шықты.

Алғашқы тәулікте «Life Goes On» қаралымы «Dynamite» клипімен 100 млн-нан асады деп күтілуде. Бұл топ жетістігі тарихында болған жағдай.