ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Baqytty Bala-2021 балалар вокалдық байқауының финалистері жарияланды

Baqytty Bala-2021 балалар вокалдық байқауының финалистері жарияланды

Басты жаңалық Baqytty Bala-2021 балалар вокалдық байқауының финалистері жарияланды

Baqytty Bala-2021 балалар вокалдық байқауының финалистері жарияланды

Baqytty Bala («Бақытты бала») халықаралық вокалдық байқауының финалистерінің тізімі белгілі болды. Оның қорытындысы бойынша бас жүлде үшін 7 елдің жас вокалистері бақ сынайды. 

Baqytty Bala — Қазақстанда жыл сайынғы өтетін жалғыз балалар вокалдық конкурсы, оған қатысу үшін әлемнің түрлі елдерінен балалар шақырылады.

10 жастан 16 жасқа дейінгі кез келген бала қай елде тұратынына қарамастан, онлайн бейне-өтінім жібере алады, оның ішінен Димаш пен оның командасы 20 финалистті таңдайды.

Бірінші жылы конкурсқа қатысуға 400-ден астам, екінші жылы 10 елден 1000-ға жуық өтінім келіп түсті.

Өткен жылы пандемия мен локдаунға байланысты конкурс өткізу мүмкін болмады. Міне, 2021 жылы Ақтөбе облысының әкімдігі, «Хабар» телеарнасы мен DimashAli шығармашылық орталығы көптен күткен Baqytty Bala-ның қайтып оралғаны туралы қуана хабарлады.

Бұл жолы өтінімдер әлемнің 12 елінен келіп түсті. Финалға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Болгария, Польша және Грециядан 20 жас вокалист өтті.

7 тамызда олар Ақтөбеде кездеседі, олар жаңа «Өнер орталығында»-қаланың басты сахнасында байқаудың бас жүлдесі үшін бақтарын сынайды.

Baqytty Bala-2021 финалистері:

Искендер Гасанзаде — Әзірбайжан, Баку
Милан Пономаренко — Ресей, Мәскеу
Анна Глотова — Ресей, Екатеринбург
Армен Саакян — Қазақстан, Ақтау

Есет Әлжан — Қазақстан, Нұр-Сұлтан
София Салвариду — Грекия, Салоники
Ислам Қыстаубай — Қазақстан, Ақтөбе
Адель Кунадилова — Қазақстан, Нұр-Сұлтан

Махинур Тұрсынова — Қазақстан, Алматы
Әмина Құрбанова — Қазақстан, Атырау
Юлианна Кытова — Польша, Варшава
Дильнара Мусина — Қазақстан, Ақтөбе

Айлун Заушева — Қазақстан, Тараз
Тимур Тян — Қазақстан, Қызылорда
Элизабет Захариева — Болгария, Плевен
Ақнұр Нұржанова — Қазақстан, Нұр-Сұлтан

Мейрамбек Шалхарбай — Қазақстан, Түркістан облысы
Кристина Душутина — Украина, Киев
Камила Ғазизқызы — Қазақстан, Нұр-Сұлтан
Алинур Хамзин — Қазақстан, Орал

Байқаудың гала-концерті 11 тамыз күні сағат 17:00-де өтеді. Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады: https://ticketon.kz/event/bagytty-bala

Соңғы жаңалықтар

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп,...

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

9 тамызда Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы...

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...

Испанияның El Mundo газеті Димаш Құдайберген туралы көлемді мақала жариялады

Димаш Құдайбергеннің есімі тағы да Испанияның беделді басылымдарының бірінен көрініс тапты. Испаниядағы ірі ұлттық газеттердің бірі – El Mundo...

Димаш Құдайбергеннің «DiMENSIONS» атты әлемдік туры

Димаш Құдайбергеннің жаңа «DiMENSIONS» жобасы – уақыт пен кеңістікті шарлау идеясына негізделген туынды емес, бұл – әртістің болмысын оны...