ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears «Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық...

«Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созуға әрқашан дайын»

Dears «Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын...

«Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созуға әрқашан дайын»

Димаш Құдайбергеннің Dears деп аталатын жанкүйерлері шын мәнінде бір-біріне жанашыр үлкен отбасы. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері түрлі акциялар ұйымдастырып, алдын ала жоспарланған іс-шаралар да өткізеді. Сондай-ақ, Dearsтың мүлдем күтпеген жағдайларда көмекке келетін кездері де ауыз толтырып айтарлықтай.

DimashNewsтың соңғы басылымдарының бірінде Латын Америкасындағы Димаштың жанкүйерлері Дэвис кубогында қазақстандық спортшыларды ерекше қошеметпен қолдағаны туралы мақала жарияланған болатын. Қазақстан мен Аргентина арасындағы кездесу өткен Росариоға спортшыларды Қазақстан Республикасы Теннис федерациясының қызметкері Руслан Дәулетов алып барған болатын.

Мұнда Руслан 2023 жылы танысқан Dearsпен тағы да кездеседі. Бұл жылы кездесуде бір жыл бұрын Димаштың латынамерикалық жанкүйерлерінің қиын жағдайда қалған мүлдем бейтаныс адамға қалай көмектескенін еске алады.

Руслан өткен жылы конкурс кезінде қонақүйде оның барлық құжаттары салынған сөмкесінің ұрланғанын және сол себепті Қазақстанға қайтып орала алмағанын айтып берді. Уақытша төлқұжатпен Бразилия арқылы таңдалған рейспен ұшу мүмкін емес екені белгілі болған кезде, Dears Димаштың Бразилиялық жанкүйерлерімен байланысып, олар көмек қолын созып, соңында қажетті билетті сатып алу процесін тездеткен еді.

Сөйтіп, уақытша төлқұжатпен Бразилия арқылы рейспен ұшу мүмкін емес екенінен хабар алып, қиын жағдайда тұрған Руслан Дәулетовке, Dears бразилиялық жанкүйерлерімен байланысып, оңтайлы рейске билет алуға көмектеседі.

Сондай чилилік Dearsтың бірі Кармен Сандовал қазақстандық спортшыларды өз елінің туы мен Қазақстанның туы бейнеленген дәстүрлі киімдермен ерекше құрметпен күтіп алып, дүниежүзіне Қазақстанның өнері мен мәдениетін танытатын “Қазақстан, батыр халық» деген атаудағы куэканы (Cueca) дайындағаны туралы естеліктерімен бөлісті.

«Руслан Дәулетовктің тез арада уақытша төлқұжат алып, Қазақстанға аман-есен оралуына толассыз телефон қоңырауларынан кейін чилилік қазақ тілінің мұғалімі Марсиа Кастро мен Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің қызметкері Әнуар Темірдің көмегі зор болды. Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созуға әрқашан дайын», — деп Кармен ерекше толғаныспен сөзін аяқтады.

Руслан Дәулетов Dearsтың кең пейілдері мен ерекше қамқорлығынан алған әсерін жасыра алмай, Димаштың жанкүйерлері оған отбасындай болып кеткенін айтып, өз сезімімен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...