ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Бибігүл Төлегенова атындағы креативті мектептің ашылуына қатысты

Димаш Бибігүл Төлегенова атындағы креативті мектептің ашылуына қатысты

Dimash World Димаш Бибігүл Төлегенова атындағы креативті мектептің ашылуына қатысты

Димаш Бибігүл Төлегенова атындағы креативті мектептің ашылуына қатысты

2024 жылы 1 қыркүйекте Астана қаласында Қазақ вокал өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ұлы әнші және халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова атындағы алғашқы жеке креативті мектептің ашылуы өтті.

Мектептің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Халық әртісі және опера әншісі Бибігүл Төлегенова, мектептің бас құрылтайшысы және Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген қатысты.

Бибігүл Төлегенова атындағы шығармашылық мектебі (BTCS) – инновациялық білім беру тұжырымдамасын ұсынатын заманауи білім беру орталығы. Мұнда балалар негізгі білім алатын пәндермен қатар креативті факультеттерде өздерінің шығармашылық таланттарын дамыта алады.

Әр түрлі музыкалық жанрларды, музыка теориясы мен орындаушылық өнерді зерттеу Music факультеті аясында өтеді.

Digital факультеті бағдарламалауды, веб-әзірлеуді, жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік саласындағы әртүрлі озық технологияларды үйретеді.

Бейнелеу өнері, графикалық және архитектуралық дизайн арқылы балалардың шығармашылық ойлауын дамытуға арналған арнайы Аrt факультеті сыныбы бар.

STEM факультеті Физика, Химия, биология, инженерия және робототехника бағдарламаларын қамтиды.

Димаш Құдайберген мен Арманжан Байтасов болашақ оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа ұрпақтың жаңа Қазақстанның дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...