Димаш «Халық сүйіктісі 2020» статуеткасын иеленді

3426

25 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының салтанатты рәсімі өтті. Димаш Құдайберген «Жыл мәдениет қайраткері» номинациясы бойынша сыйлықтың үш мәрте лауреаты атанды.

Ұлттық сыйлықтың оныншы мерейтойлық маусымы Нұр-Сұлтандағы RixosPresidentAstana қонақ үйінде өтті. Карантиндік шараларды толық сақталды. Димаштың өзі салтанатты рәсімге қатыса алмады. Марапатты «DimashAli» шығармашылық орталығының басшысы Қанат Айтбаевқа табыс етті.

«Жылдың Халық сүйіктісі» Қазақстан ұлттық сыйлығы 2011 жылы «Республика-Өңір-Даму» қоғамдық қоры тағайындаған болатын. Ол қазақстандық қоғамдастықтың назарында болған адамдар мен ұйымдарға танымалдылығы үшін беріледі. Осы жылы сыйлық 26 номинация бойынша берілді.

Димаш осымен үшінші рет «Жылдың Мәдениет қайраткері»  номинациясы сыйлығының лауреаты атанды.

«Мен үшін дауыс бергендерге, менің шығармашылығымды жоғары бағалағандарға шын жүректен алғыс айтқым келеді! Осындай номинация бойынша үшінші рет лауреат болу – үлкен құрмет. Баға жетпес қолдауыңыз үшін барлығыңызға үлкен рахмет!»,- деді Димаш.

Қалған номинацияларда лауреат атанғандар:

«Жылдың үздік мұғалімі» – Нұр-сұлтан қаласының №17 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Төлеген Абдраисов және флейта сыныбы бойынша оқытушы, Қазақ ұлттық өнер университетінің үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті Нина Григорьева;

«Жыл блогосферасының көшбасшысы» – Насима Қорғанбекова, Қазбек Майгелдинов;

«Жылдың үздік дәрігері» – Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі БолатАсанбаев;

«Жылдың үздік спортшысы» – UFC жауынгері Шафкат Рахмонов;

«Жылдың үздік қоғам қайраткері» – Добряков клубының негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева;

«Жылдың үздік тележүргізушісі» – Дмитрий Олейников («Хабар» телеарнасы»);

«Жылдың үздік парламентшісі» – ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин;

«Жылдың үздік публицисті» – журналист, блогер Михаил Козачков;

«Үздік ақпараттық интернет-басылым» – AzattyqRýhy.

«Жылдың бизнесі» – «ORKIN» ЖШС (санитарлық қызметтер, дезинфекция), Нұр-сұлтан Қ.;

«Жыл меценаты» – «Жан АрайЖем» ЖШС директоры Мақашев Бақдәулет.

Сондай-ақ, бүкіл ел үшін қиын уақытта жұмыс істеген медицина қызметкерлері мен еріктілердің үлесі ерекше атап өтілді:

«Жылдың үздік медбикесі» – Маңғыстау облыстық ауруханасының аға медбикесі Айнұр Батырбекова;

«Санитарлық-эпидемиологиялық үздік қызметкер» – Ақмола облысы Бурабай аудандық басқармасы департаментінің басшысы Серажлы Жолдаспаев;

«Үздік медициналық стационар» – көпсалалы аурухана. Мақажанова, Қарағанды облысы;

«Үздік волонтер» – «Қоғамдық бақылау» жобасының үйлестірушісі Саида Таукелова.