30 наурызда Димаш Құдайбергеннің ресми ютуб-арнасында «Golden» әніне жазылған тизердің тұсаукесері өтті. «Golden» туындысы әншінің Киевте өткен концертінің толық жазбасының таныстырылым материалы болатын.
Коронавирус індетінің ушығуына байланысты Димаш «Arnau»әлемдік турнесі аясында өз концерттерін кейінге қалдырған болатын. Баршаға оңайға соқпайтын карантин уақытында тизер-бейнебаянды таныстыру туралы шешім қабылданды. Бұл өз кезегінде қиын шақта да Димаш пен диарстарының бірге әрі мықты екендіктерін білдіреді деген сөз.
Тизерде концерттен жарқын да бояуы қанық үзінділер жеткізілген. Сонымен бірге, олардың музыка құшағында естен кетпес керемет әсерге бөленген сәті, шынайы эмоциялары келтірілген.
Бейнебаян режиссері Анна Обоянскаяның айтуынша, әншінің жанкүйерлерімен сөзбен жеткізе алмайтын ерекше байланысы негізгі идея ретінде алынды. Бұл байланыс алтынға теңеледі. Сондықтан трейлер ретінде «Golden» әні таңдап алынды. Димаш та, диарстар да концерт кезінде бір-біріне тартып тұратын сол ерекше тартылысты сезеді екен. Әрі, баға жетпес бұл байланыс әннің атауына сай келеді.
Концерттің толық нұсқасына сілтеме жақын уақытта Димаш Құдайбергеннің ресми ютуб-арнасында пайда болады.