Димаш Қытайдағы ТОП-10 шетелдік танымал адамдардың тізімінде

1187

Қытайдағы «Daxue Consulting» сайтының мәліметінше, Димаш осы елдегі шетелдік танымал ер адамдардың ТОП-10 тізіміне енген. Сайт әкімшілігінің хабарлауынша, динамикалық мәдениет паттерні, мәдениет ұқсастығы мен қытай аудиториясы талғамының жиі өзгеруіне байланысты, азиат ер азаматтар Қытайда танымал адамдар қатарынан орын ала бастапты.

«Baidu Tieba» («Reddit» жобасының Қытайдағы баламасы) ақпаратына сүйенсек, қытайлар шығыс әдемілігімен жақын таныс, өйткені Шығыс Азиядан шыққан адамдарда әдемілік стандарттары ұқсастығы байқалады.

Дегенмен, кино және музыка саласында, «Chart Weibo» мәліметінше, батыс мәдениетінің ықпалы аясында Қытайдағы танымал батыс адамдары көбінесе ағылшын тілді елдерден шыққан әншілер мен актерлар. Қытай аудиториясы үшін сүйкімді батыс жұлдыздары: Джастин Бибер, Трой Сиван, кіші Роберт Дауни, WestLife, Ян Сомерхолдер, Том Фелтон, Сэм Смит, Джейсон Чен, Кристофер, Том Круз және Дуэйн Джонсон.

Қытайдағы шетелдік танымал ер адамдар ТОП-10 тізімінде 2020 жылы Димаш Құдайберген Том Круз, кіші Роберт Дауни, Джастин Бибер, Трой Сиван, ирландиялық «WestLife» тобы, ЛионельМесси және Коби Брайнтқа жол бере отырып, 8 орынға жайғасты. 9 және 10 орындарды оңтүстіккреялық актер Ли Чон Сок мен әнші G-Dragon иеленді.