Жанкүйерлер Димаштың грим бөлмесін безендіреді

1040

Жанкүйерлердің жақсы көретін істерінің бірі өздерінің сүйікті әртісіне ұнайтын дүние жасау. Димаштың тыңдармандарында әнші мен командасын қолдау мақсатында жеке концерттердің алдында қазақстандық әншінің грим бөлмесін безендіру әдетке айналды.

Димаш Құдайбергеннің «Moscowdears» фан-клубының қатысушылары «Арнау» әлемдік турнесі аясында 2020 жылдың 9 наурызында Мәскеуде өтетін концертті тағатсыздана күтті. Диарстар сүйікті әншілерімен кездесуге ерекше дайындықпен келді, гримерканы безендіру салтынан да жаңылмады.

Жанкүйерлер осылайша бар күш-жігерін салып, грим бөлмесін гүлмен, кішкентай жүрекшелермен безендіріп шықты. Үстел үстіне жергілікті тәтті өнімдер, мәселен, «Белевская» пастиласын, зефир, мармелад, дәмді тоқаштар, морс, конфеттер мен шоколад қойыпты.

Алайда, диарстар осы концерттен естелік ретінде қалатын ерекше затты безендіруді ойға алған болатын. Осылайша жақтаудағы сурет жасау идеясы пайда болды. Клубтың өз фотографтары бар. Олар Краснодарда, Екатеринбургтегі концерттерде болды. Сондықтан, қандай фотолар пайдалану керектігіне де көп бас қатырмады. Жақтауды фанаттар өз қолымен жасады, о баста ойға алынған ерекше дүниені жасау үшін бұл керемет әдіс.

Ерекше туындыны жасау барысында алтын түстес ағаш әріптер, қыстырғыштар және жіп пайда жасалды. Ұнаған суретіңді алып кеткің келіп тұрады.

Ағаш әріптерден «Димаш, біз сені жақсы көреміз» және «Керемет екеніңді біл» деген екі сөйлем құрастырылды. Айтпақшы, екінші сөйлемнің қызық тарихы бар. Бұл хэштег «Знай» бейнебаянын қолдау мақсатында былтыр қазан айында пайда болған еді. Содан бері #знайтылучший хэштегін Dears-тің көптеген жазбалары мен комментарийлерінен көруге болады.

Жақтау ағаш пен кендір жіп секілді табиғи материалдардан жасалды. Тілектерге арналған ашық хаттар әзірленді, алайда құттықтау сөздер сыймағандықтан, олар стикерлерге жазылып, үлкен айнаға ілінді. Күлкі тудыратын лебіздер мен тілектер жазылды. Мақсат – концерт алдында Димаштың көңілін көтеру болатын. Оқыған кезде әнші күлімсіреді деп үміттенеміз.

Жақтау өте әдемі болып шықты, ол көзге түсетін жерге қойылды, ал жанында ағаш қораптарда тірі гүл шоқтары жайқалып тұрды. Сөрелер қызыл қағаздан қиылған жүрекшелермен безендірілді. Сондай-ақ, естелік комплект-сувенирлер – бейджиктер, қаламсаптар, төсбелгілер мен браслеттері бар ланъярдтар қойылды.

Игорь Яковлевич Крутой да ұмыт қалмады, оның орны гүл шоқтарымен безендірілді, жылы лебіздерге толы хаттар жазылды.

Осылайша, мәскеулік Dears Димаш пен оның шығармашылығына, тату командасы мен сүйікті отбасына деген махаббатын көрсеткілері келді. «Moscowdears» Димаш пен оның барлық диарстарын Мәскеуде көргендеріне қуанышты!