ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears «Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!».

«Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!».

Dears «Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!».

«Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!».

Киевтегі Жуляна халықаралық әуежайының диспечері қазақстандық әншіні қазақша хабарламамен қарсы алды. Бұл сәтте аэропорт сүйікті әртісімен кездесуді асыға күткен жанкүйерлердің қуанышымен думанға бөленді. Осылайша украиналық тыңдармандардың қошеметі көңіл толқытты.

Көпшіліктің қолдарында Қазақстан мен Украинаның жалаулары, әншіге шын пейілдерімен ұсынғысы келетін гүлдері мен сыйлықтары бар. Ал әншінің жанары «Дайдидау» әні сегіз жылдан кейін Украинаға оралды!» деген жазуы бар үлкен плакатқа түсті. Демек, көрермендер Киевтегі концертті шынымен күткен екен.

Жанкүйерлер де Димашты қазақ тілінде: «Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!» деп таза әрі еш акцентсіз ұранмен күтіп алды. олар, сонымен қатар әншіге өте символикалық сыйлық – гетман күшінің нышаны болып табылатын зерлі мата сыйлады.

– Сіздің әніңіз бен дауысыңыз біздің жүрегіміз бен санамызды ешқашан өшпейтіндей жаулап алды. Бұл кестелі мата сіздің шығармашылығыңыздың біздің жүрегіміздегі орнының белгісі болып қалсын, – деді жанкүйерлер Димашқа қуанышпен.

Соңғы жаңалықтар

«Тенор тартымды, харизмасы жоғары көшбасшы, жеңімпаз болуы керек. Ал сенде бұның бәрі бар», — Пласидо Доминго Димаш Құдайберген туралы

Будапештте өткен концертте маэстро Пласидо Доминго мен маэстро Димаш Құдайберген кештің басты орындаушылары болды. Әрқайсысы жеке композициялар орындап, сондай-ақ...

Будапешттегі музыкалық шоқжұлдыз: Венгрия астанасында Пласидо Доминго мен Димаш Құдайбергеннің қатысуымен «Үш икона» концерті өтті

18 сәуір күні Будапешттегі MVM Dome аренасында бір сахнада опера мен рок, романс пен фолк, скрипка, рояль, виолончель, гитара...

Астана – көкжиекке бағытталған сапардың соңғы аялдамасы: Voice Beyond Horizon жобасы Қазақстан астанасы туралы баяндап берді

«Voice Beyond Horizon» шоуы қатысушыларды шабыт іздеу мақсатында үш түрлі бағытқа аттандырды. Музыканттарды Назарбаев Университеті, қала бойынша экскурсия немесе...

Будапешттегі оперетта театрындағы түсірілімдер — Димаш Құдайберген Венгрия астанасындағы бірегей концертке дайындықты бастады

18 сәуір күні Будапешт қаласында басты орындаушылар ретінде Пласидо Доминго мен Димаш Құдайберген өнер көрсететін ерекше концерт өтеді. Аталған...

Бельгияда Димаш Кудайберген шығармашылығына арналған радиобағдарлама эфирге шығады

Бельгиядағы MCS Radio Aywaille радиосында Димаш Кудайберген шығармашылығына арналған арнайы бағдарлама қайтадан өтеді. Эфир 30 сәуір күні Орталық Еуропа уақыты...