ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш «О'кей» жаңа музыкалық клипін ұсынды

Димаш «О’кей» жаңа музыкалық клипін ұсынды

Dimash World Димаш «О'кей» жаңа музыкалық клипін ұсынды

Димаш «О’кей» жаңа музыкалық клипін ұсынды

30 мамырда Димаш Құдайбергеннің ресми YouTube-арнасында «О’кей» композициясына жазылған жаңа клиптің премьерасы өтті. Бейнебаянның шығу тарихы туралы DimashNews сайтынан оқыңыз.

2022 жылдың 18 ақпанында Димаш Санкт-Петербургке келіп, бірден «О’кей» атауын алған Игорь Крутойдың әдемі композициясына өзінің жаңа музыкалық бейнесінің түсіріліміне кірісті. Сөздердің авторы белгілі ресейлік композитор және әнші Игорь Николаев болды.  

Бүгін, 30 мамырда әртіс  жанкүйерлерге жаңа, атмосфералық және кһзге жас ұялататын музыкалық бейнебаянды ұсынды. 

Оның режиссері Алина Верипя клиптің құрылу тарихы мен хабарламасы туралы айтты. 

Алина өз ойымен бөліскендей, Димаш үшін музыкалық бейне түсіру мүмкіндігі туғанда, тынысы тарылғанын айтты. Композиция оны шабыттандырғаны соншалық, орындаушыдан пікірлер мен фидбэк алғаннан кейін ол бірден сценарий жазуға кіріскен. 

Нәтижесінде, Алина 4 түрлі хикая құрастырып, Димаш өзінің сүйіктісін таңдағанда қатты қуанды.

«Бұл сталиндік қуғын-сүргін жылдарындағы өте әдемі және терең махаббат хикаясы. Мына сұмдықта, мына бір шытырман суықта, мына қылмыста бұл дүниеден емес сияқты екі адамның махаббаты туады. Және олардың сезімдері соншалықты пәк, сұлу, бұл жарықты ешбір қараңғылық өшіре алмайды. Клипті көргенде не айтқым келгенін түсінесіз», — деп бөлісті Алина Верипя.

Түсірілім орны туралы мәселе көтерілгенде, команда ұзақ ойланбастан, бірауыздан клипті Санкт-Петербургте түсіру туралы шешім қабылдады, өйткені ешбір қала 1937 жылғы қиын және қорқынышты бояуды жеткізе алмады.

Алина Верипя түсірілім өте жақсы өткенін және бүкіл команда біртұтас организм сияқты жұмыс істегенін атап өтті: 

«Клипті көрген кезде Димаштың әрбір сахнада қаншалықты терең сомдағанын көресіз. Ол рөлге соншалықты үйреніп алғандықтан, бізде қайталанатын дубльдер болмады. Біздің оператор Дмитрий Фольмер, барлық команда сияқты, әрбір кадрдан, әрбір көзқарастан зор ләззат алды. Бұл керемет түсірілім болды».

Естеріңізге сала кетейік, «О’key» композициясы музыкалық ағындық платформаларда тыңдау және сатып алу үшін қол жетімді: https://lnk.to/Dimash-Okay 

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...