ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World “Өте әсерлі орындау болды!”: Ральф Саймон Димаштың DLD-де өнер...

“Өте әсерлі орындау болды!”: Ральф Саймон Димаштың DLD-де өнер көрсетуі туралы

Dimash World “Өте әсерлі орындау болды!”: Ральф Саймон Димаштың DLD-де өнер көрсетуі туралы

“Өте әсерлі орындау болды!”: Ральф Саймон Димаштың DLD-де өнер көрсетуі туралы

2022 жылғы 21 мамырда Димаш Құдайберген Мюнхенде өткен Digital Life Design конференциясында өнер көрсетті.

DLD (Digital Life Design) жетекші инновациялық еуропалық конференцияларының бірін танымал халықаралық визионерлер Штеффи Черни мен Йосси Варди құрған. Олар DLD-ді әлемді цифрландыруға өз үлестерін қосуға тырысатын адамдар үшін үлкен халықаралық платформа ретінде құрды.

Өз алаңында DLD саясат, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы танымал визионерлердің идеяларын біріктіреді. Сонымен қатар өзінің үлкен аудиториясын тамаша музыкалық орындаушылармен таныстырады.

Сондықтан, шамамен 4 ай бұрын Mobilium Global компаниясының бас директоры Ральф Саймон Димаштың DLD-де өнер көрсетуін ұйымдастырған дұрыс деп ойлаған.

Осы конференцияға бірнеше жылдар бойы қатысқан спикерлердің ішінде Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг, әнші Леди Гага, Microsoft компаниясының бас директоры Сатья Наделла, Twitter-дің негізін қалаушы Джек Дорси, iPhone өнертапқышы Тони Фаделл және басқалар болды.

2022 жылдың 21 мамырында DLD басты сахнасынан алғаш рет қазақ халық аспаптары шырқалды. Димаш Олжас Құрманбектің орындауындағы қобыздың тамаша сүйемелдеуімен «S. O. S» және «Stranger» әндерін ұсынды.

«Димаштың өнер көрсетуі аяқталғаннан кейін көрермендер орындарынан тұрып, қошемет білдірді. Бұл тарихта алғаш рет қазақстандық әртіс DLD сахнасына шықты», — деп бөлісті Ральф Саймон.

Сондай-ақ, Mobilium Global Бас директоры жұртшылық қазақтың халық аспаптары – домбыра мен қобыздың таңғажайып үнімен қайран қалғанын атап өтті:

«Менің ойымша, бұл Димаштың нағыз салтанаты болды, айтпақшы, оның өнер көрсетуін көру үшін Берлиннен Мюнхенге арнайы ұшып келген Германияның үздік концерттік промоутері де растады».

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...