ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Димаш өзінің шынайы «меніне» оралу арқылы DIMENSIONS тұжырымдамасын қорытындылайды

Димаш өзінің шынайы «меніне» оралу арқылы DIMENSIONS тұжырымдамасын қорытындылайды

Басты жаңалық Димаш өзінің шынайы «меніне» оралу арқылы DIMENSIONS тұжырымдамасын қорытындылайды

Димаш өзінің шынайы «меніне» оралу арқылы DIMENSIONS тұжырымдамасын қорытындылайды

Эпилог | Бастау. Кеңістік.

Ғаламның шетсіз-шексіз кеңістігі аясында бәсең қанықтықтағы жұмсақ қана жарық Димаштың кескін бейнесінің айқын әрі нәзік сызықтарын айшықтай түседі. Костюм, түрлі эффектілер мен бейненің сыртқы атрибуттары тасада қалады — минималистік кадр бар назарды оның табиғи, бастапқы болмысына шоғырландырады.

Оның шашы қара реңкін жоғалтып, аппақ түске енеді. Бұл — оның бұрын-соңды қалыптасқан барлық бейнелерден біртіндеп арылып келе жатқанын аңғартатын ишара. Әшекейі мен қорғанышынсыз ол айналасында қалыптасқан ореоладан және әлем теліген барлық анықтамалардан бас тартып, тек өзінің болмысын қалдырады. Енді оған сыртқы ешбір тірекке сүйенудің қажеті жоқ — ол тек өзі, адам болып қана қалады.

Оны қоршаған ауада қалықтаған ұсақ жұлдыз тозаңдары біртіндеп шексіз кеңістікке сіңіп, жоғала бастайды. Одан қабат-қабат аршылғанның бәрі: жүріп өткен жолдары, орындаған әндері мен жеткен шалғай мекендері із-түзсіз жоғалған жоқ. Керісінше, олардың барлығы жұлдыз тозағына айналды.

Қараңғы кеңістіктің шексіздігі көзге аялдайтын мүмкіндік беріп, бар болмысты ең қарапайым қалпына қайта әкеледі. Күрделі сыртқы қабаттардың бәрі жойылғанда, орнында бос кеңістік емес, сырттан ешбір шектеу қойылмаған әрі анықталмаған мөлдір айқындық қалады.

Алдарыңызда енді бейне де, есім де емес — алдарыңызда тұлға- адамның өзі тұр.

DIMENSIONS туындысының түпкі мәні де осыған саяды: адам әр өлшемді басып өтіп, ақыр соңында өзіне, бір кездері сапарға алғаш аттанған өз болмысына қайта оралады.

#DimashDIMENSIONSWorldTour

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...