ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Польшадағы Dears Нан мерекесінде Қазақстан мен Димаштың шығармашылығын таныстырды

Польшадағы Dears Нан мерекесінде Қазақстан мен Димаштың шығармашылығын таныстырды

Dears Польшадағы Dears Нан мерекесінде Қазақстан мен Димаштың шығармашылығын таныстырды

Польшадағы Dears Нан мерекесінде Қазақстан мен Димаштың шығармашылығын таныстырды

23 тамызда Польшадағы Токарняда орналасқан Келецкая ауыл мұражайында Нан мерекесі өтті. Іс-шара аясында Димаш Құдайбергеннің поляк фан-клубының мүшелері ақпараттық стенд ұйымдастырды.

Іс-шара қонақтарына Қазақстан, Димаштың шығармашылығы, поляк фан-клубының қызметі мен Radio Dimash жобасы туралы ақпарат берілді. Стендте Қазақстан туралы кітаптар, поляк-қазақ тілдескіштері, үстел ойыны, кәдесыйлар мен фан-клуб мүшелері әзірлеген өзге де бұйымдар таныстырылды.

Ақпараттық стенд келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Қонақтардың көпшілігі Димаштың шығармашылығымен бұрыннан таныс екенін білдіріп, оның Польшада өтетін алдағы концертіне ерекше қызығушылық танытты. Фан-клуб өкілдері сондай-ақ өнерпаздың халықаралық сахналардағы өнері туралы әсерлерімен бөлісіп, әлемнің әр түкпіріндегі жанкүйерлердің Димашты халықаралық сапарлары барысында қолдап, қадағалап отыратыны туралы ақпаратпен бөлісті.

Стендтің негізгі сахнаға жақын орналасуы, келушілердің көптігі мен поляк Dears жанкүйерлерінің белсенділігі акцияның нәтижелі өтуіне ықпал етті. Аталған іс-шара поляк аудиториясына Қазақстан мен Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын таныстырудың тағы бір маңызды мүмкіндігіне айналды.

Соңғы жаңалықтар

Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

21 қарашада Димаш Құдайберген Колумбияның астанасы Боготаға келді. 22 қарашада әнші осы қалада Колумбия жұртшылығы алдында алғаш рет жеке...

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

20 қарашада Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында екінші концертін берді. «Мексикалық жанкүйерлерімнің бәріне...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...