ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың шығармашылығын қолдауға арналған Мексикалық Dears тобының акциясы...

Димаштың шығармашылығын қолдауға арналған Мексикалық Dears тобының акциясы жергілікті БАҚ назарын аударды

Dears Димаштың шығармашылығын қолдауға арналған Мексикалық Dears тобының акциясы жергілікті БАҚ назарын...

Димаштың шығармашылығын қолдауға арналған Мексикалық Dears тобының акциясы жергілікті БАҚ назарын аударды

Мексикадағы Димаштың жанкүйерлері креативті акциясы арқылы тағы да жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Lucha Libre-ге арналған арнайы іс-шара барысында жанкүйерлер Қазақстанның туын және DQ инициалдары бейнеленген маскаларды алып шығып, іс-шараға келушілерге Димаштың шығармашылығы мен оның алдағы DIMENSIONS туры туралы ақпарат берді.

Мексикалық Dears Димаштың шығармашылығын жаңа аудиторияға таныстыру үшін түрлі мүмкіндіктерді пайдалануды жалғастыруда. Бұл жолы мексикалық фан-клуб мүшелері Мексиканың ең танымал мәдени құбылыстарының бірі саналатын Lucha Libre-ге арналған арнайы іс-шараға қатысты.

Lucha Libre мексикалық мәдениетте айрықша орын алады. Кәсіби күрестің бұл түрі жарқын маскаларымен, әсерлі акробатикалық қойылымдарымен және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасылық дәстүрлерімен ерекшеленеді. 2018 жылы мексикалық Lucha Libre Мехико қаласының материалдық емес мәдени мұрасы ретінде танылды.

Мексикалық Lucha Libre-нің тарихы мен мәдени бастауларына арналған іс-шара барысында Димаштың жанкүйерлері ерекше атрибутикасымен көпшіліктің назарын аударды. Олар Қазақстанның туын және өнер иесіне арналған DQ инициалдары бейнеленген маскаларды алып келді.

Мексикалық Dears-тің креативті акциясы жергілікті БАҚ-тың назарын аударды. Акцияға қатысушылар түскен бейнежазба Мексикадағы танымал ойын-сауық медиаресурстарының бірі — Televisa Espectáculos-тың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды. Сонымен қатар акция телевизиялық эфирде де көрсетілді. Клуб мүшелерінің мәліметінше, акция туралы арнайы сюжет TV Azteca медиатобына қарасты жаңалықтар телеарнасы ADN 40 эфирінен көрсетілген.

Димаштың Мексикадағы алдағы концерті оның DIMENSIONS әлемдік турының бір бөлігі болып саналады.

Соңғы жаңалықтар

Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

21 қарашада Димаш Құдайберген Колумбияның астанасы Боготаға келді. 22 қарашада әнші осы қалада Колумбия жұртшылығы алдында алғаш рет жеке...

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

20 қарашада Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында екінші концертін берді. «Мексикалық жанкүйерлерімнің бәріне...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...